Хадис – пайғамбар (с.ғ.с.) өнегесі

Хадис – пайғамбар (с.ғ.с.) өнегесі

Ислам ілімінің ішіндегі хадис саласы – дініміздің қайнар көздерінің бірі. Сондықтан хадис білімі үмметке өте керегі бар білімдердің бірі, себебі хадис ілімі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзіне пайғамарлық келгеннен кейінгі өмірінің соңғы демі шыққанға дейінгі айтқан сөздері. Бұл діни білім өзіміздің осы өмірімізді нұрландыруымызға себеп бола білетін ең керемет білім иесінің өсиеті десем, артық айтқандық емес. Себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің өмірінде бір де бір рет қателігін тапқан адам немесе басқа дін өкілдерінің айыптаған жері кезікпеген сол себепті ол заттың жеткізген хадистерін үйрену бізерге таптырмас байлық болып саналады.

Өкінішке қарай, қазіргі таңда өздерін Құран мен сүннетпен жүрміз деп есептейтін теріс ағым өкілдері осы білімді аяқ асты етіп, өздерінің саяси идеологиясына пайдаланып құнды білімді құнсыз етуде. Ұлыларымыз айтқандай, «дінді ұстасаң – қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің», — демекші дұрыс түсінігі болмаған жан әрдайым өзінің істеп жатқан істері әрдайым берекесіз болады, өйткені ол бұл өмірде пайда емес зиян болғандығынан. Егер пайдалы болса, ешқашан ол жол тоқтамайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқанындай шынайы мұсылман тілімен де ісімен де жүрегімен де басқа бір жанға зияны тимген адам деп келтірген сол себепті кімде кім дұрыс білім алмаса, ешқашан ісі берекелі болмайды.

Закрыть меню