Талақ беру ойыншық емес

Талақ беру ойыншық емес

Қазіргі таңда отбасы мәселесінде өзекті мәселелердің бірі – талақ үкіміне қатысты жауапсыз көзқарастардың себебінен орын алып отырған қателіктер. Алла Тағала Құран-кәрімде: Талақ екі рет. Сонда не туралықпен ұстау немесе жақсылықпен ажырасу керек (қайталай беру дұрыс емес). Оларға бергендеріңнен еш нәрсе алуларың халал емес. Бірақ екеуі де Алланың шегін орындай алмаудан (бірге жасай алмаудан) қорықса және сендер де екеуінің Алланың шегін орындай алмауынан қауіп қылсаңдар, ол уақытта әйелдің, еріне бодау беруінде екеуіне де күнә жоқ. Міне осы Алланың шегі, сонда одан өтпеңдер. Ал кім Алланың шегінен өтсе, міне солар залымдар (Бақара сүресі 229-аят)

Алла тағала талақ мәселесіне қатысты ескерту беруде адамзаттың не арқылы қателікке бой алдырып және оның салдары неге алып баратындығын жеткізуде. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) егер әйелдеріңіз айтқаныңызды орындамаса оларды өздеріңізден алшақтаспаңыздар керісінше отбасларыңызды сақап қалуға тырысыңыздар, егерде мүлдем болмай жатқан кезде сөйлесу мәмілесін азайтыңыз, егерде онданда өзгермесе төсек қарымқатнасын азайтыңыз ол кісіге ренжулі екендігіңізді білдіру мақсатында.

Алайда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әйелдеріңізді тәрбиелеу мақсатында ұруға рұқсат еткен (жұдырықпен емес, шыбықпен) басқа мүлдем амалы болмаған кезде. Ондай мүмкіндік болмаса талақ беріп шығарып салыңыз деген. Жалпы Ібіліс шайтанның үлкені болып саналады. Ол күнде өзінің қарамағындағылардан есеп алады екен сонда бірі келіп мен екі адамды ұрыстырдым, бірі біреуді алдауға үгіттегенін т.б. істерін баян етеді сонда бірі келіп мен ерлі зайыпты айырдым дейді.

Сонда ібліс міне ең үлкен істі атқарған осы кел мұнда менің қасыма деп жоғары деңгейлік іс екендігін жеткізген. Сол себепті шайтанның азғыруына еріп өзіміздің берекелі отбасымыздан айырылып қалмайық, ағайын. Алла Тағаланың жер бетіндегі адал заттарының арасындағы ең жеккөрініштісі ол талақ.

Шыны керек, ешбіріміз толықтай таза адам емеспіз. Міндетті түрде қателік жіберетініміз ақиқат. Алайда біздерге Алланың елшісі ең жақсыларыңыз сабырлы болғандарыңыз, әрі кешірімді болғандарыңыз деген. Сол себепті сабырлы болып кешірімді болсақ, бұйыртса отбасымызда тыныш береке мен білікте болары ақиқат. Соның үшін құрметті, ағайын, мейлінше отбасымызды сақтап қалуға татитындай іс әрекеттер жасайық.

Закрыть меню