Аллаға иман

Аллаға иман

Құран-Кәрімде Алла Тағала былай деп бұйырған: (Оларға) айт: Ол Алла жалғыз! Алла-Самад (ешкімге және еш нәрсеге мұқтаж емес, керісінше, күллі жаратылыс Оған мұқтаж)! Ол тумаған да, туылмағанда! Оның ешбір теңдесі жоқ!(Ықлас сүресі)

Ал Пайғамбарымыздың с.а.у хадис-шәріпінде: Егер кімде-кім Алладан басқа тәңірі жоқ, Мұхаммед Оның Елшісі(с.ғ.с) екендігін шынайы жүрекпен бекітсе. Алла Тағала, ол адамға тозақты арам етеді деген. (Бухари, Білім 49)

Құрметті оқырман!

Он сегіз мың ғаламның жаратушысы Алла Тағала. Қандай да болмасын барлық мақтау мен мадақ, құдірет иесі болу, барлық нәрседең жоғары болу тек Оған ғана тән қасиет. Жер мен көктегі барлық жаратылыс Оның қарауында. Өйткені Алла, құдіретті күш және шексіз хикмет иесі.                                                                                      Алла Тағала Құран-Кәрімде былай деп бұйырады: Аспан әлеміндегі және жердегі әрбір тіршілік  иесі мұң-мұқтажын бір Өзінең сұрайды. Ол күні (яғни, сәт) сайын іс үстінде (яғни, Ол болмысты бір-ақ рет жаратып қоя салған жоқ. Ол болмысты жоқтан жаратып, қайта жоқ қылып, қайтадан жаратып, сәт сайын Өзінің ұлылығын, шексіз құдіретін, ілімін, теңдессіз шеберлігін және басқа да көркем есімдері мен сипаттарын паш етуде)(Рахман сүресі 29)

Аллаға имам етіп, Ислам нәрімен нәрленудің бірінші шарты. Алла Тағаланың бар екендігіне, бір екендігіне және ешбір ұқсасы жоқ екенің қабыл ету, яғни, Оның жалғыз екендігіне иман ету, бұл Иман шарттарының ең негізі болып табылады. Бізді жоқтан бар еткен және сансыз нығметтеріне бөлеген Раббымыздың, біздің үстіміздегі ең үлкен ақысы, Оған иман етуіміз.

Аллаға иман ету, ол Пайғамбарларына, жіберген кітаптарына және әмір мен тыймдарына бойынсұну. Өткені мұсылман, Аллаға иман етуді тек бір көз қараста иман етіп қана қоймай. Керісінше Аллаға иман ету арқылы және Құран-Кәрім аяттары, Пайғамбарымыздың с.а.у-ның хадистері арқыл, Раббымызды тануға және өз өмірінің осылайша Иман негізінең құралғандығың біледі. Сонымен қатар Иман ету, ол мұсылманнның өміріне бір мағана беріп, ой-өрісіне бағыт-бағдар, жанды және жансыз барлық нәрселермен қалай қарым-қатынас жасауды көрсетеді. Осы себепті мүминнің тілінең төгілген және жүрегіндегі имани көрінісі, ол жер бетіндегі әрбір жасаған жақсылықтары екенің білген жөн.

Иман еткен адам.

Алла Тағалаға иман еткен адам баласы, әрбір ісінде Раббымыздың разылығын үміт етеді. Сондай-ақ жанұясының, тума-туыстарының, көршілерінің және басқада адамдардың ақысын таптамауды көздейді. Міндеттелген әр істі аманат көз қарасымен қарап орындайды. Иман еткен адам, кішкене шаң тозаңдай болсада жақсылық пен жамандықтың қарсылығы бар екенің үнемі есте сақтайды. Мұсылман үшін бұл дүние өткінші, о дүниеде барлығы мәңгілік екенің біліп, кез-келген іс әрекетте о дүниеде есебі берілетінің негізге алып жасайды.

Он сегіз мың ғаламның жаратушысы Аллаға иман, біздерді дүниеде тура жолды, о дүниеде жәннәтқа апаратыны анық. Раббымызға иман ету, біздің құлдық міндеттеріміздің ең негізгі қазынасы. Осылайша өмір бойын Аллаға иман етіп, әрбір амалын иманмен жолдас етіп, соңғы демімізге дейін және соңғы демімізбен бірге бұл өмірдең иманмен өту және артынаң дұға бағыштайтың ұрпақ қалдыру әр кімнің арманы.

Мақаламды Хз.Ибраһим а.с-ның Құран-Кәрімдегі мына сөзімен тәмәмдайын: Мені жаратқан әрі қай мәселеде болмасын, маған үнемі тура жолды көрсететін де-бір Өзі. Ашыққанымда қарынымды тойдыратын әрі шөлдегенімде шөлімді қандыратын да (яғии, ас-суымды жарататын) да Өзі. Ауырғанымда маған шипа беретін де-бір Өзі. Сондай-ақ менің жанымды алатын һәм кейін қайта тірілтетін де-бір Өзі. Ұлы сот күні күнә-қателіктерімді кешіреді деп үміт ететінім де-бір Өзі. (Шуғура сүресі 78-82)

Сариев Султан Серікұлы

«Шапағат» Қоғамдық қорының теолог маманы

Закрыть меню