«Қариға» сүресінің тәпсірі

«Қариға» сүресінің тәпсірі

«Қариға» – меккелік сүре. Оң бір аяттан тұрады. Бұл сүре араб түбірінде «қароға» деген сөзден шығады, яғни (ұрылу, соғылу) деген мағынаны береді. Яғни қиямет күнінің қатты қорқынышын баяндаған сүре. Көпшілік тәпсір ғалымдары «қариға» деген сөз қиямет күнінің есімдерінің бірі деп айтқан. Енді тәпсіріне кірсек.

  1. Қариға (Құлақты жаратын һәм жүректі қорқытатын ащы дауыс).

Қариға (түнделетіп есік қағушы) деп аталған қиямет күні адамның жүрегіне ғана емес, жер бетіндегі алып тау секілді жаратылысқа да үрей салатын. Аспандар жарылып, жер сілкініп, таулар шағылып, жұлдыздар құлайтының күні айтқан.

  1. Ол Қариғаның не екенің қайдан білесің? Имам Қуртуби тәпсірінде: «Егер бір іс өте маңызды, ұлы іс болса онда Құранда оның атаулары көп болады» — деп келтірген. Яғни бұл жерде адам баласы үшін маңызды болған қиямет күні туралы айтылуда.
  2. Сен қайдан білесінің Қариғаның не екенін?

Бұл жерде Алла Тағала Пайғамбарға (с.ғ.с) ол нәрсені ол білмейтіндігін баяндап, тек Алла білдірген нәрселерді білетіндігін жеткізіп жатыр. Және де мұсылмандардың ойын осы бір маңызыды күнге бұру үшін, Алла Тағала осы аятты үшінші рет келтіріп отыр.

  1. 4. Ол күні адамдар жан-жаққа шашылған көбелек секелді болады.

Бұл жерде Жаратушы қабірден шыққан адамзатты көбелекке теңеуінің себебі бұл жәндіктер үріккен кезде бір жаққа емес, әрқайсы өз бетінше басы ауған жаққа бытырай ұшатының келтіріп жатыр. Неге десеңіз, адам баласы ол күні әр қайысы өз жағдайымен болатынын келтіріп отыр. Сахаба Абдулла ибн Аббас (р.а) өз сөзінде: «Қиямет күні тіріліп Алла алдына сұрақ жауапқа барған уақытта, осы кейіпте болады». Яғни жан-жаққа шашыраған, бір-бірін тапаған жалде болатындығын келтіріп отыр.

5.Таулар болса, түрлі-түсті түтілген жүндей болады. Бұл қиямет күндегі адамдар шашырағаннан кейінгі екінші бір көрінісін келтіріп жатыр. Яғни адам баласы осы өмірде ен күшті деп жүрген тау, тастардың өзі сол қияметтің қатты азабынан жүндей болып түтіліп қалатын жеткізуде.

6.Сонда кімнің таразысы (сауап жағынан) ауыр келсе. Мәуазин – оның мағынасы таразы деген сөз. Бұл жерде Алла Тағала таразылар деп көпше түрде келген. Бірақ ғалымдарымыз бір таразының болатындығын келтіреді. Ол жерде адам баласының жақсы, жаман амалдары өлшенетін болады. Сол күні олардын кітаптары сол таразыға қойлатынын жеткізген. Ол таразының тілі бар амалға байланысты жақсы не жаман жағын көрсететін болады.

7.Ол өзі дән риза болған өмірге қадам басады. Радия – бұл сөздің мағынасы «разылық, жұмсақтық» деген мағыналарды береді. Яғни Алла разы болған жәннаттық адамның сипаты екендігін келтіреді. Ғиша – дегеніміз жәннаттағы өмірдін сипаты деп келтірген ғалымдарымыз. Яғни, жанннаттағы нығметтер деген сөз. Ол адамның қалаған нәрсесінің бәрі болады деген мағынаны да береді.

  1. Ал енді кімнің таразысы (иман және сауапты істерден жұрдай болып) жеңіл тартса. Бұл аятта егер адам баласының осы өмірдегі берілген уақыт дұрыс пайдаланбай құр жүріп қалса. Және қияметте таразысы сауапты, Алла разы болатын амалдары аз болса, ол құрдымға кететінің ескертіп отыр дейді ғалымдарымыз. Енді келесі аятта сол барар жерін Алла Тағала айтып ескертіп, есіміне дейін айтып кетеді.
  2. Онда оның паналайтын жері «һауия».

Һауия дегеніміз ғалымдарымыз тозақтын түпсіз шұқыры деп келтіреді. Және де риуаяттарда тозақтық адамдар сол шұқырға құлдилап төмен қарай лақтырылатыны айтылады.

  1. Оның (яғни, түпсіз шұңқырдың) не екенін білесің бе? Ол өте терең, оның түбіне кәпірлер мен күнәһарлар ұзақ құлдырайды. Басқа риуияттарда тозақтын ең төменгі есігі деп те келтіріледі.
  2. Ол лаулаған қызуы күшті от. Имам Муслимнин сахихында: Сахаба Әбу Һурайра (р.а) былай дейді: Пайғамбар (с.ғ.с) айтты; «Адам баласының жағып жүрген отынан, тозақтың отының ыстығы жетпістең бірі» деп келтірген. Яғни тозақты ыстығы осы өмірдегі ыстықтан жетпіс есе қатты болатының айтып жатыр. Қорта айтқан уақытта сүреде қиямет күнінің қорқынышты әрі ауыр күн болатындығы және ізгі жандар мен күнәһарлардың ақиреттегі жай-күйі баян етіледі. Алла Тағала баршамызды тозақ отынан сақтап, рахымына жәннатына кіргізген болсын.

Бұл сүреден ақыретте бұл өмірде жасаған әрбір ісіміздің таразыға түсетінін ескеріп, хайырлы амалдарды көбірек жасаудың қажеттілігін ұғынамыз. Алла Тағала Құранда уәде еткендей хайырлы амалдың қашан да Алланың рақымына бөленіп, иесіне шапағатшы болатынын ұмытпауымыз керек.

 

Ерлан Сағынов,

«Шапағат қоғамдық қорының»

Индер ауданы бойынша теологы

Закрыть меню