Ихсан -Қоғамдағы адамдықтың, берекемен бірліктің кепілі

Ихсан -Қоғамдағы адамдықтың, берекемен бірліктің кепілі

Ихсанның сөздік мағынасы-Жақсылық жасау, қайрымдылық ету.

Терминдік  мағнасы-Алла тағалаға ықласпен шынайы құлшылық ету.

Ихсан сөзі оқырманға түсінікті болу үшін Ислам әлеміндегі әйгілі жәбрейіл хадисіне оралсақ   Омардан (Алла оған разы болсын)  жеткен бұл хадисте Жәбірейіл (а.с) Пайғамбарымыз (с.а.у)ға  келіп Ислам, Иман деген не  деп сұрады  сонан соң: «Сен маған енді Ихсан туралы айтып бер», – деді.
Алла елшісі (ﷺ): «Ол – сенің Аллаға  Оны көріп тұрғандай құлшылық қылуың, егер Оны көріп тұрғандай бола алмасаң, Ол сені көріп тұр», – деді. (Бухари, китабул иман 47)

Алла тағаланың алдында жасаған құлшылығымызды оны көріп тұрғандай жасау әлбетте біз Алланы көре алмаймыз, Алланы көріп тұрғандай деп айтылуының себебі ықласпен шынайлықтың маңыздылығын түсіндіру.

Егерде Алланы көріп тұрғандай сезіне алмасаңыз онда ол сені көріп тұр яғни жасаған барлық іс-әрекетіңізді тіпті жүрегіңізде не ойлағаныңыздыда білуші.

Осы хадистен байқағанымыздай жасаған әрбір ісмізде ең әуелі ықылас пен  шынайылық болу. Себебі жасаған амалыңда ықлас, шынайлық  болмама ол амалдың нәтижесіде пайда бермейді.

Сондықтан жасаған әрбір жақсылығымызды ең әуелі адамзатқа бір пайдасы тисе екен деп жасасақ сол кезде ол бір кішкентай іс болсада ықласыңыз, шынайлығыңыздың нәтижесінде сіз ойлағаннанда үлкен пайдалы іс болуы мүмкін.

Ихсанды тереңдей болмасада ойымызға шақтап түсінгендей болсақ енді ұлылар ұлағатына, бабалар тағылымына бір мойын бұрайықшы.

Осы ұланғайыр қазақ даласында Алланы көріп тұрғандай құлшылық етіп Ихсандық дәрежесіне жеткен ұлы әулиелер өтені бірімізге аян.

Олардың  тақуалығы — оларды ихсандыққа, ал иқсандығы әулиелікке жеткізген.

Адалдық туралы қисса -дастан, өлең-жырлар тіптіде жетерлік.

Ал Шәкәрім Құдайбердиев атамыз: «Адамның жақсы өмірінің негізінде билігі бәріне жүретін үш қасиет жатыр: адал еңбек, ар-ожданды ақыл-ой, шынайы жүрек. Бұларсыз өмірде тыныштық пен келісім табылмайды»-деп шынайлық арқылы адам жан дүниенің тазалғын сақтайтынын және осы тазалық жүреке тыныштық әкелетінін , ал тыныштық кез келген қиындықтан шығуға күш -қуат беретінін айтып отыр.

 

Ихсан -Қоғамдағы адамдықтың, берекемен бірліктің кепілі

 

Біз бір үлкен адамзат қоғамында өмір сүріп жатырмыз, қоғамда неше түрлі адамдармен қарым-қатынас жасаймыз және алдыңнан қаншама уақиғалар кездесіп отрады. Осы адамдармен адами қатынаста болумен әрбір істі адал  жасау ихсандық көзқараста  болудың орны ерекше.

Қоғам жеке тұлғадан құралады, осы қоғамда өмір сүрген  әрбір адамның басқан қадамы, жасаған амалы адалдықпен яғни ихсандықпен жасалса —  нәтижесінде ол ортада махаббат, мейрім, сүйспеншілік, силастық қалыптасып  бейбіт өмір өздігнен орнайтыны анық.

Осы орайда  мына бір мысалды келтіре кеткенімз орынды деп ойлаймын.

Ертеде бір ұстаздың көп деген шәкірттері болыпты, бірақ ұстаз көп шәкірттерінің ішінен бір шәкіртін қатты жақсы көреді екен.

Әрине бұл жағдай басқа шәкірттер арасында: « не үшін осы шәкіртті қатты жақсы көреді?» -деген қызғанушылық тудырады.

Ұстаз басқаларға мән жайды түсіндіру үшін шәкірттеріне барлығың бір-бір тауық ұстап, оны ешкім көрмейтін жерде сойып әкелулерін тапсырыпты. Келесі күні баллардың бәрі бір-бір тауық сойып алып келдіде , тек ұстаздың жақсы көрген шәкірті тауықты тірі күйінде алып келеді.  Ұстаздың «неге тауықты сойып әкелмедің ?»-деген сұрағына шәкірті, былай

жауап береді: «Сіз оны ешкім көрмейтін жерге  сою керек екендігін айттыңыз. Ал мені Алла қай жердеде көріп тұр»,-деп жауап береді.

Сонда ұстаз шәкірттеріне : «міне мен оны не үшін жақсы көретінімді білдіңдерме?» деген екен. Ұстаздың шәкіртіне риза болуы оның адалдығы еді. Себебі біз не істесекете Алла көруші бәрін білуші. Біз адамдардан жасырғанмен Алладан еш нарсе жасыра алмайтынымызды  білуіміз маңызды.

Міне осы бір ғибаратты уақиғаны мысалға алуымның себебіде ихсандықтың маңызын -мәнін түсіндіргім келді.

Адамның мінез-құлқында мейрімділік, жомарттық, қайрымдылық сияқты жақсы қасиеттер бар болып ихсандыққа жетуге түрткі болса  дәл сол сияқта  сараңдық, такапарлық сияқты жағымсыз қасиеттеріміз жақсы амалдарды жасауға кедергі екенін ұмытпауымыз керек.

Сол үшін әрқашан өзіміздің жасап жатқан ісімізге өзіміз сақшы болуымыз қажет.  Мен осы нәрсені не үшін? Кім үшін істеп жатрмын деген-сұрақтарды қою біздің ниетімізді анықтап амалымыздың дұрыс болуын бақылап отрады.

Мысалы сүт сатушы болсаңыз  ішкі нәпсіңіз  сүтке су қосқанда тұрған ешнәрсе жоқ: « кім көріп тұр?»- дейсің деп даустайды. Тарзыдада сол секілді таразыдан артық немесе кем өлшеуде ешкім қарап тұрған жоққой — деген ой  болады. Әлбетте оны саудаласушы білмесе де  бірақ Алла көріп тұр және оның есебін жасаушыда ол — Алла.

Ихсандықпен жасаған әрбір амалымыз өмір сүріп жатқан ортамызда пайдалы болып қана қоймай ол өзіміздің жеке басымызға  әкелер пайдасы шексіз, адал болсаң айналаңа  сенімді боласың, адалдықпен тапқан табысыңда, бойыңа адал ас  болып дариды.

Ихсандықтың ең шыңына шыққан үлгілі тұлға — ол Алла елшісі Пайғамбарымыз (ﷺ) еді. Оған пайғамбарлық келмес бұрын сенімді Мұхаммед аталған болатын. Сондықтан өзіміздің бойымыздағы жағымсыз қасиеттерден арылудың бірден -бір жолы ол ихсандық сенімі болмақ. Егер біздің жүрегімізде Алланы көріп тұрғандай немесе  Алла мені көріп тұр деген сенім әрдайым бірге болса, онда тәкаппарлық, ғайбат айту, басқаларға қызғаныш немесе басқаларға тиесілі нәрсеге көз сүзу, жемқорлық, ұрлық ,жала жабу т.б жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болар едік.

Міне қадірлі оқырмандар әрқашанда Аллаға деген сеніміміз Ихсан дәрижесінде  болу- Қоғамдағы адамдықтың, берекемен бірліктің кепілі.

 

Қатеп Миланбекқызы

«Шапағат » ҚҚ орталығының теолог маманы

Закрыть меню