Абыл мен Қабыл – әзірет Адам (а.с.) атаның алғашқы ұрпақтары

Абыл мен Қабыл – әзірет Адам (а.с.) атаның алғашқы ұрпақтары

Адам атаның балалары

 

Адам ата мен Хауа ана жер бетіне түскеннен кейін осы жерде өмір сүріп, ондағы ризықтармен қоректенетін және жер бетін мекендейтін балалары мен ұрпағының көп болуын армандады. Хауа ана Аллаһ тағаланың қалауымен жүкті болды. Ең алдымен тұңғыштары – Қабыл есімді ұл бала мен оның сыңары – бiр қыз бала дүниеге келді. Одан соң екiншi ұлы Әбіл мен оған сыңар тағы бiр қыз бала туылды. Адам мен Хауа ана Раббыларының өздеріне нығмет ретінде берген балаларына қатты қуанды. Екеуі кiшкентай нәрестелерін аса сүйіспеншілікпен жақсы көрiп, оларға мейiрiмдi ата-ана бола бiлдi. Балалар бір жанұяда ата-анасының тәрбиесімен бiрiн-бірі жақсы көретін, өзара өте бауырмал жандар болып өсті. Олар есейiп, ержеткен соң баянды өмiр сүру үшін біраз күш-жiгер жұмсап, тер төгу қажеттігін түсінді. Қабыл жерден өсiмдiктер мен дәмді жемiс-жидектердiң өсiп шығатынын байқады да, егiншiлiкпен айналысты. Ал Әбіл адамдардың пайдалануы үшін Аллаһ тағаланың шаруа малдарын жаратқанын көрiп, мал шаруашылығымен айналысуға бел буды да, ол қойшы болды. Осылайша қос бауыр өздері таңдаған кәсібін жасап, жайлы өмiр сүре бастады.Отбасы тыныштықта бақытты өмiр сүрiп жатты. Қабыл мен Әбіл ержетіп, азамат болды. Әрқайсысы өз алдына отбасын құруды қалап, өздерiнің өмiрлік жолдасының болуын армандады. Аллаһ тағала мұндай ойды әкелерінің де көкейiне салды. Адам ата Аллаһтың бұйрығымен Қабылға Әбілдiң сыңарын, ал Әбілге Қабылдың сыңарын алып берудi шешкенін ұлдарына хабарлады. Сөйтiп, қос бауырдың қалағандары іс жүзінде жүзеге асатын болды. Жаратылыстың басталуы болғандықтан, бұдан басқа ешқандай шешiм жоқ болатын. Кейiннен өз туысымен тұрмыс

құруға шариғат бойынша тыйым салынды.Бұл неке әкесі көрсеткендей болып аяқталмады. Себебi Әбілге тиесілі болған Қабылдың сыңары екiншi қыздан әдемiрек болатын. Қабыл өзiне өмiрлік жолдас ретінде өзiмен бiрге туылған қызды алуды қалап, айтылған ұсынысқа көнбедi. Өз сыңарының сұлулығы Қабылдың қызғаныш сезiмiн оятып, Әбілмен бiрге туылған қызға үйленуден бас тартуына мәжбүрледi. Екi бауыр ортасындағы тартыс күшейе түстi. Әкесі не iстерiн бiлмей абдырады. Ол бұл тартыстың Аллаһқа ұнамайтын бір жамандыққа алып баруынан қорықты. Әлбетте, жамандық атаулының бақытты өмiр сүрiп келе жатқан отбасы үшiн үлкен қатер екені белгілі еді. Күндер өтiп жатты. Аллаһ тағала келіспеушілікке түскен екi бауырдың ортасына әдiл үкімін шығармайынша, Адам ата бұл жағдайдың шешiмiн таба алмаған еді. Бұл үкім бойынша Қабыл мен Әбіл Аллаһ тағала үшiн құрбандық жасауы керек еді. Аллаһ тағала кiмнiң құрбандығын қабылдаса, сол таңдаған қызын алатын болады. Сөйтіп, құрбандық шалар күн де жақын қалды. Әбіл құрбандыққа қойларының ішіндегі ең жақсысын таңдап алып келді. Ал Қабыл егінінің ішіндегі бидай көкөністерінің нашарлауын немқұрайды ала келді. Ол кезде құрбандықтың қабыл болғанын немесе болмағанын көктен түскен найзағай арқылы білетін. Егер найзағай малға түссе – Әбілдің, бидай көкөністерге түсіп, оттай жалмаса, Қабылдың құрбандығының қабыл болғаны. Міне, қызық! Аллаһ кімнің құрбандығын қабыл етті екен?! Екi жігіт те Аллаһ тағаладан құрбандығының қабыл болуын сұрап, жалбарынды. Әрқайсысы арнаған құрбандықтың Аллаһ тағала құзырында қабыл болып, бақытты шешiмге ие болуынан үмiтті едi. Әбіл Қабылға қарағанда табыстырақ болатын. Өйткенi ол алғашқы кезде-ақ Аллаһ тағаланың әкесiнiң көкейiне салуымен хабар берген шешiмiне ризалық білдірді әрі екi туыс ортасында талас басталғанда да әдiл болды. Сонымен, Аллаһ тағала iзгi әрі тақуа Әбілдiң құрбандығын қабыл еттi. Ал Қабылдың құрбандығын қабылдамады. Өйткенi ол iстеген iсiн ықылассыз iстедi. Әкесiнiң бұйрығына бағынбады және туысқанынан ажырады. Сол себептен Аллаһ оның құрбандығын қабыл етпеді.Арам ниет және Әбілдің жауабы

Аға мен іні құрбандықтың нәтижесiн бiлдi. Аллаһ тағала Әбілдiң құрбандығын қабылдағанын бiлгеннен кейiн Қабылдың көкірегінде көреалмаушылық пен өшпенділік оты пайда болды. Ол көкірегіне кек пен арам ой түйдi. Сөйтіп, iнiсi Әбілге барып айқай салып, «Мен сенi өлтiремiн» деп қорқытты. Қабыл Аллаһ тағала жақсы көретiн, армандары орындалған бақытты iнiсiн өлтiрудi көздеді. Осылайша ол жүрегіне жамандық пен

жауыздықты түйіп, бiрнеше күндi өткiздi. Әбіл ағасы Қабылдың жаман ойын біліп, бұл iстің жанпидалық пен насихат айтуды қажет ететіндігін сезді. Ағасының құрбандығының қабыл болмағанына күйініп, өкiнiштен жүрегi тiлiмделiп кетті. Ол ағасына жанашырлық танытып: «Ей, бауырым! Сен менi өлтiргеніңмен, ешқашан бақытты бола алмайсың. Бұл iс саған ешқандай пайда бермейдi. Мен сенiң бақытсыз болып, өкiнiште қалуыңа себепшi емеспiн. Бәлкiм, себепшi өзiңсiң, ей, бауырым! Сен Аллаһ тағаланың тақуа, iзгi пенделерден ғана қабыл ететiнін бiле тұра, бiзге жол көрсеткен Аллаһ тағалаға да, әкемiзге де бағынбадың. Ал менің сенен күшім басым болса да, ешқашан сенi өлтiрудi қаламас едiм. Өйткенi мен шайтанның азғыруына ерiп, жолдан адастырғанына көнбеймiн», – дедi. Осылайша Әбіл ағасын көздеген арам пиғылды ойынан айныту үшiн оған біраз насихат айтты.Қабылға Әбілдiң насихаты әсер етпеді және ешбір пайда бермедi. Керісінше, оның бойын ашу-ыза кернеді. Аллаһ тағаланың екi туыстың ортасына шығарған үкiмінен кейiн де ол Раббысына қарсы келіп, iнiсiне жамандық ойлады. Әкесi де қолынан келгенiнше әрекет етiп, жол көрсетіп еді. Бiрақ ол әкесiне де бағынбады. Ақырында өшпенділік Қабылдың тұла бойын билеп алды. Ол iнiсiн өлтiруге оқталды. Қабыл Әбілді басынан таспен ұрып, мерт қылды. Әбілдің өлі денесі жерге құлап, қимылсыз жатты. Қабыл өз бауырын өз қолымен өлтiрiп, ішіндегі жасырын жатқан арам ниетiн жүзеге асырды. Ол алдамшы сұлулыққа бой ұрып, қанiшерлiк қылмысқа жол ашты. Әттең, қандай өкiнiштi іс!Адам перзентi – Қабыл жаман ниетiн iске асырғанын, Әбілдiң пәк денесi жансыз кейіпте жерге құлағанын түсінді. Әбіл – жер бетiндегi алғашқы шәһид. Ол бұл жаратылыстан ғайып болды. Бұл тiршiлiкте туысқандық та оны сақтап қала алмады. Әбіл өз ағасына қарсыласудан бас тартты. Керiсiнше, ағасын жамандықтан қайтару үшiн оған насихат та айтқан-ды. Тiптi ол басқаларға үлгi-өнеге болуы үшiн өзiн құрбан етуге әзiр болатын. Осылайша Аллаһ тағала ақыл мен даналықты берген, әке-шешесiн де, Жаратушысын да риза еткен кiсi бұл дүниеден өтті. Оның бұл iсi басқаларға өнеге үшiн жасалған едi.Сөйтіп, Қабыл iнiсiнiң жансыз денесiн қалай жасыруды бiлмей, бiр қапқа алып алып, арқалап келе жатты. Қабылдың кеудесін орны толмас өкініш күйдіре түсті. Ал Аллаһ тағала бұл күнәдан пәк дененi сақтап қалуды қалады. Аллаһ тағала Қабылдың алдына өлi қарғаны көтерген бiр тiрi қарғаны жiбердi. Қарға жерге қонды да, жердi қазып, өлген қарғаны жерге көмді. Бұл оқиға Қабылдың көз алдында жүзеге асты. Мұны көрген Қабылдың қайғы-қасiретi мен өкiнiшi одан бетер артты. Сонда қарғаның білгенінің оның білгенінен көп болғаны ма? Қабыл: «Мен бұл қарға ғұрлы да бола алмадым ба?» – деп, жүрегi езiлiп, даусы дiрiлдеп жылай Арам ниет қан төгу оқиғасымен аяқталды. Байғұс әке күнәкар әрі қызғаншақ бауырына насихат айтып, өз мiндетiн орындаған баласы үшiн ұзақ қайғырды. Аллаһ тағала бұл оқиғаның барша адамзат үшiн алғашқы сабақ болуын қалады. Барлық адам Аллаһ тағаланың тақуа пенделердің ғана амалын қабыл ететінін бiлiп қойғаны абзал. Әрбiр мүмін пенде надандарға насихат айтып, жол көрсетуге мiндеттi. Иманды жандар басқалардың қинағанына, қорқытқанына шыдамдылық танытып, сабырлы болуы әрі хақ жолды бiлмейтiн кәпiрлердi тура жолға салу мақсатында ізгі амалдар жасауы керек.

«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы»

ҚҚ-дың теолог маманы

А.Айтмагамбетов

Закрыть меню