Ғайыпқа сенім – шынайы сенімнің көрінісі

Ғайыпқа сенім – шынайы сенімнің көрінісі

Ғайып дегеніміз не? Араб тіліндегі «ғайб» сөзі жоқ, көзге көрінбейтін ойлау, түйсіну сезімдері арқылы түсіну дегенді білдіреді. Көзбен көріп, қолмен ұстай алмайтын әлемге сену – мұсылмандық сенімнің бөлігі. Ғайыб ұғымы – мұсылмандық сенімнің негізін қалайтын кірпіш. Мұсылман соған сүйене отырып адал істерді жасайды және ғайб сенімнің тазалығы мен дұрыстығына байланысты олар Алладан сый алады: Міне осы Кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші.Сондай олар көмеске иман келтіреді, намазды толық орындайды, өздеріне берген несібемізден (Алла жолында) пайдаландырады (әл-Бақара, 2-3 аяттар).

Абу Джафар Абу әл-Алидің сөздерін келтіреді: «Ғайыпқа сенетіндер Аллаға, оның періштелеріне, кітапқа, пайғамбарларға, ақырет күніне, жұмаққа, тозаққа және онымен жолығуға сенеді. Олар өлім мен қайта тірілуден кейінгі өмірге де сенеді. Мұның бәрі ғайып». Мұсылмандар ретінде біздің сеніміміз Алла, періштелер, уахи, жұмақ пен тозаққа, ақыреттегі өмір һәм оның бір бөлігі болған қабірдегі өмір секілді  көзбен көріп, сезінілімейтін нәрселерге илануға негізделген.

Тек мұсылмандарға қатысты болған ғайыпқа сенудің тағы бір тұсыешқашан көрмеген Мұхаммед пайғамбарды (с.ғ.с.) жақсы көруі және оған пайғамбар деп сенуі. Мұсылмандар оған сенгені үшін үлкен сыйға ие болады. Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) деген сенім де біз үшін ғайыпқа деген сенімнің бір бөлігі.Алла барша мұсылмандарға ғайыпқа сенуді бұйырады, яғни алдымен Алла өзіне сенуді, періштелеріне сенуді, ақырет күніне сенуді, ақыретте болатын есеп-қисапқа сенуді әмір етеді. Бұлар, әлбетте ғайып әлеміне жатады. Ғайыпқа сенудің негізін – «әмәнту билләһида» айтылған иман шарттарына шын жүректен, ешбір күмәнсіз сенім құрайды. Дегенмен, адамның көру мүмкіндігінен тыс әлемдердің бәрі ғайыпқа жатқанымен, олардың бұл мәселеге қатысы жоқ екендігін айта кеткеніміз орынды болар. Мысалы, электр тогы, ауа, ақылды көре алмағанымызбен, бар екеніне сенеміз. Бірақ мұндай дүниеге сену иманға жатпайды.

Ғайыпқа деген сенім мұсылмандарға қалай әсер етеді? Бұл дүниедегі өмір сынақ болғандықтан, кез-келген адам Құдайды анық көре алмайды және ести алмайды егер керісінше болса сынақтың еш мағынасы болмас еді. Бірақ адам оны ойлай бастауы және іздеуі үшін барлық жерде Алла өзін танудың  белгілерін жібереді. Әр кез Ол елшілерін жіберіп, адамдарға жол көрсетіп, оның ризалығына қол жеткізу үшін жер бетінде қалай өмір сүру керектігін көрсетті. Құдайға, оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақыреткеоны көрместенсенетіндер, сенбейтіндерден мүлдем өзгеше.

Көмеске сену адамға және оның өміріне қалай әсер етеді? Әлемнен және барлық дүниелік нәрселерден алыстау, дүниедегі мақсат атақ-мансапқа жету  болмауы.

Бұл дүниедегі өмір сыртқы жылтырлығы мен материалдық байлыққа толы, әрине адам оған ынтық, өмірде барынша жайлылыққа, ләззат пен қуанышқа қол жеткізуге тырысады. Өлімнің жақындығы жайлы ақиқат көп адамдарға байлыққа жету жарысына қатысуға еш тосқауыл болмайды. Алайда жүрегінде көмеске, яғни өлімнен кейінгі мәңгілік, үзіліссіз өмірге деген берік сенім бар, қиямет күні келетінін білетін және жазадан қорқатын адам, осы дүниенің уақытша және жеңіл қуанышы мен ләззаттарынан өзін тәуелсіз сезінеді һәм соған көкірегінде мақтаныш сезімі бар.

Жақсы істерде табандылық таныту. Құдайға және қиямет күніне сенбейтін адамдар өздері қалаған нәрсені қашан, қалай қалағанынша істейді. Олардың кейбіреулері дүниелік биліктен, түрмеден қорыққанынан жаман ештеңе жасамауға тырысады, бірақ ашулары, ашкөздік пен сараңдығы үстемдік еткен кезде олар қылмыс жасауы, заңды бұзып, біреуге зиян келтіруі әбден мүмкін.

Ғайыпқа яғни құдайға һәм өлгеннен кейінгі өмірге сенбейтіндер материалдық заттарға, сән-салтанатқа және осы дүниеде бар барлық дүниелік байлығына байланған. Оларға материалдық ашкөздіктерін жеңу қиын, олар қысқа өмірлерінде мүмкіндігінше көп материалдық құндылықтарды жинақтау үшін тынымсыз еңбек етеді.

Ғайыпқа сенетіндер «кейінге қалдырылған сыйақы» қағидаты бойынша өмір сүреді. Олар кішігірім де, үлкен де, жасырын да, ашық та жақсылық жасайды һәм оныңсыйын ақыретте күтеді. Сонымен қатар, олар жамандықтан бас тартады және жаман қылықтарға, байқаусызда жасалған зұлымдық пен күнәға өкінеді. Мұны басқалардың алдында ұятқа қалатындықтан немесе олардан қорыққандықтан емесбәрін көретін және бәрін білетін Құдайдан қорыққандықтан жасайды. Сондықтан олар әділетсіздік жасамайды және түрмеге түсу, айыппұл төлеу және т.б. қауіп төнбесе де қылмыс жасамайды. Осылайша, ғайыпқа деген шын сенімі адамды жеке қалған сәтінде де, адамдардың арасында болған сәттерінде де жақсылық жасауға және жамандықтан аулақ болуға итермелейді.

Қайғы немесе қуаныш келгенде ұстамдылық. Ғайыпқа сенетін адам үшін яғни қабірден кейінгі өмірдегі мәңгілік ләззат немесе мәңгілік азап барына сенетін кісі бұл әлемнің шектеулі өмірі оған болмашы, қадірі кеткен және ең бастысы өтпелі болып көрінеді. Көмеске сенетіндердің айрықша қасиеттерінің бірі – бұл қайғыға немесе қуанышқа кезіккен кезде басқалар ұстамдылық таныта алмаған сәтте олардың қуаныш пен қайғыға сабырлылығы мен салмақтылығы. Олар Құдайдың разылығына ие болу үшін шыдамдылық пен сабырлылық танытады, олар сенімдерін сақтайды және болашақтағы өмірде Алла оларға жеңілдік пен қайғы-қасіреттен толық арылтады деп үміттенеді.

Қуаныш пен бақытқа һәм дүниелік игілікке ие болған кезде олар байсалдылықты сақтайды және қуаныштарын, қайғылы сезімдерін басқара біледі.  Берген нығметтері үшін Аллаға шын жүректен ризашылық білдіреді.

Олар Жаратушыға толықтай арқа сүйейді және жаратылыстан ештеңе күтпейді. Ғайыпқа сену адамды жаратылысқа деген үміттен босатады. Тек Құдайға толықтай арқа сүйейтін кісі, адамдардың кемшіліктеріне, шектеулі ақыл-ойына, әлсіздіктеріне, жаман қылықтарына, жаман мінез-құлқына немесе күтпеген әрекеттеріне тап болғанда ешқашан көңілі қалмайды, түңілмейді. Тағдырға (бұл да ғайып) сенетін адам оның өмірінде болып жатқан барлық жақсы да, жаман да нәрселерді Алладан деп біледі. Мысалы, егер отбасына өлім немесе күйреу сияқты кенеттен қайғы-қасірет келсе, күйзеліске түспейді. Өйткені олар барлық жамандық пен жақсылық Алланың қалауы яғни тағдыры мен жаратуы екендігін және оған ешкім тосқауыл бола алмайтындығын біледі һәм сенеді.

Бағдат Смағұлұлы

Закрыть меню