Пайғамбарлар сенімі – ізгілік мектебі

Пайғамбарлар сенімі – ізгілік мектебі

Алла Тағала мынау он сегіз мың ғаламды жаратқан соң оған жол бастаушы,  туралыққа шақырып әділетсіздіктен жамандық, бұзғыншылық, адасушылықтан тыятын ақ пен қараны айырып көрсетіп беретін, Алланың әмірімен тиымын, яки Алланың кәләмін жеткізуші Пайғамбарлар жіберіп отырған.

Біз енді осы пайғамбар сөзін ашықтайтын болсақ Парсыша «пәйғам» – «жолдау», «бардән» – «жеткізу» сөздерінен құралған Пайғамбар сөзі тілімізде көп қолданылады. Арабша пайғамбарларды «Русул» және «Әнбиә» дейді. «Русул» дегеніміз «расул» сөзінің көпше түрі, Расул (رسول): (елші, Кітап түсіп, дінді жеткізуге жіберілген пайғамбар [1]. Яғни, Алланың елшісі деген мағынаны береді. Пайғамбар есімі және өнегесі мен міндеті туралы Алла тағала Құранда бізге нақты әрі түсінікті және қанша рет қайталаумен бізге қайта-қайта түсіндіреді.

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Құрандағы Исмаилды есіңе ал, Шынында ол уәдесінде берік расул әрі нәби кісі еді» [2]. Ал Нәби (نبي) хабаршы, оған кітап түспеген, бірақ, бұрын жіберілген елшілердің иләһи заңдылықтарын жалғастырушы пайғамбар [3]. Біз осыдан біле аламыз жаратлу себебімізді жәнеде пайғамбарлардың адамзат үшін өте үлкен тәрбиеші, өмірі адамзат үшін өнеге. Пайғамбарлар Алланың ең сүйікті құлдары және адамзаттың ең ардақтылары, солай бола тұрса да Алладан келген ең үлкен сынақпен сыналатын да – ең бірінші пайғамбарлар. Мысалы, Пайғамбарлар қауымдарды Алланың хақ жолына шақыруда сабырлылық таныту жолында немесе науқастану сияқты қиындықтардан өтіп аса сабырлықпен төзімділік жасап Алланың ризалығын алған құлдарынан болады. Енді осы Алланың сынағынан өткен Алланың ризалығына қауышқан Алланың жүктеген міндетіне қиянат жасамай орнынды жеткізген тұлғалар адамзат үшін үлкен өнеге-ізгілік мектебі болып табылады.

 

لَقَدْ جَاءَكُمْ رَسُولٌ مِنْ أَنْفُسِكُمْ عَزِيزٌ عَلَيْهِ مَا عَنِتُّمْ حَرِيصٌ عَلَيْكُمْ بِالْمُؤْمِنِينَ رَءُوفٌ رَحِيمٌ

Сендерге өз араларыңнан     (яғни араларыңда туып өскен) хақ пайғамбар келді. (Оның сендерге жанашырлығы соншалық – азапқа немесе қиын жағдайға душар болғандарың былай тұрсын) тіпті болмашы бір қиындыққа тап болғандарыңның өзі оған өте ауыр тиіп, жанына қатты батады. Ол сендерге тым ынтық, өте ынтызар (болғандықтан сендер үшін қатты қорқады, сендерді ойлап көп уайым жейді) әрі мүміндерге сондай жанашыр, өте мейірімді (Тәубе, 128 сүресі).

Қасиетті Құран Кәрімде баян етілгендей пайғамбарлар адамзатқа тек жанашыр жандар тек адамзатты Алланың ашуынан құтқаруға, Алланың мейрімділігін рахымдылыған жеткізу жолында қызымет етумен болған.

Пайғамбарлар періште немесе басқа бір жаратылыс емес олда өзінің қауымынан шыққан Адам атаның балалары. Адам ұрпақтары жер бетінде азғындыққа салынып, күнәға батып кетпеулері үшін   өз араларынан таңдап елшілерін жіберіп отырды. Ол туралы  Құран Кәрімде:

يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنَّا خَلَقْنَاكُمْ مِنْ ذَكَرٍ وَأُنْثَى وَجَعَلْنَاكُمْ شُعُوبًا وَقَبَائِلَ لِتَعَارَفُوا إِنَّ أَكْرَمَكُمْ عِنْدَ اللَّهِ أَتْقَاكُمْ

«Уа адамдар! Шүбәсіз, сендерді бір ер мен бір әйелден жараттық. Сондай-ақ сендерді бір-біріңмен танысып, табысуларың (һәм біріңе-бірің қамқоршы дос болып, өзара жәрдемдесіп, тату-тәтті өмір сүрулерің әрі жер бетін  көркейтулерің) үшін сан алуан ұлыстар мен руларға бөлдік. Біле білсеңдер, Алланың алдындағы ең ардақтыларың – ең тақуаларың (яғни Аллаға тағзым етуде, иман келтіруде әрі мойынсұнуда ең алда болғандарың!) (Хұжырат сүресі, 13-аят) — деп, барша адам баласының бір нәсілден тарайтындығын білдіртіп пайғакмбарлардың сенімін ұстана отрып жер бетінде бейбіт өмір сүруді ескертеді.

Біз оны тіпті қазақтың әдеби мұраларынананда көре аламыз, ән жырлары, жоқтау сияқты ауыз әдебиеттеріменде жеткені мәлім. Шортанбай ақын:

Атамыз – Адам пайғамбар,

Топырақтан жаралды,

Сол адамнан таралды…-деп, әдемі суреттей білген.

Мұсылманға Алла Тағаладан жіберілген пайғамбарларға иман келтіру міндет болып табылады. Жаратылған жанды-жансыз, тіршіліктің ішіндегі яғни, 18 мың ғаламның  ұлығы Адам баласы болса, адамдардың ішіндегі ұлығы – пайғамбарлардың ендеше пайғамбарлардың сенімін жүрегімізге ұялатып, жанымызды ізгілік мектебінен сусындатайық, ағайын!

 

Қатеп Миланбекқызы,

«Шапағат»ҚҚ орталығының теологы

Закрыть меню