Айдың екіге бөліну мұғжизасы

Айдың екіге бөліну мұғжизасы

Құран-Кәрімде, “Қиямет жақындады ай қақ жарылды. Алайда олар анық мұғжиза көрсе болды, бұл оның бұрыннаң көрсетіп жүрген күшті сиқырларының бір, деді” – аятының ашық белгісі және барлық сахих хадистерде, сонымен қатар басқада дерек көздерінде өткен рухани сенімді (мутауатир) дәрежесіндегі айдың екіге бөліну мұғжизасын қалай болғаны турасында мағлұмат беріп, кейін осы тақырып бойынша көкейтесті сұрақтарға жауап береміз.

Айдың екіге бөліну мұғжизасы қалай болды?

Айдың екіге бөліну мұғжизасы хижреттен бұрын Мекке қаласында, Құрайыш мүшріктерінің талабы бойынша Алла Тағаланың қалауымен пайғамбарымыз с.а.у тарапынаң болғаның хз.Әнәс бин Мәлік, хз. Әли, хз.Хузайфа бин Яман, хз. Абдулла бин Масғуд, хз. Абдулла бин Аббас, хз. Абдулла бин Омар, хз. Абдулла бин Әмір бин Ас, хз. Жүбәйір бин Мутим секілді көптеген сахабалардаң жеткізілген.

Құрайыш мүшріктерінең Уәлид бин Мұғира, Әбу Жахил, Ас бин Уәйл, Ас бин Хишам, Әсуат бин Абди Яғус, Әсуат бин Мұтталиб, Зема бин Әсуат, Надыр бин Харис және т.б. – ры пайғамбарымыз с.а.у – ға “егерде сен шынайы пайғамбар болсан, бізге айдың бір жартысын Әбу Құбайыс туынаң, екінші жартысында Қияқиян тауының үстінең көрсетіп айды екіге бөл” деп талап етеді

Пайғамбарымыз с.а.у – “егер бұны жасасам иман етесіздерме” деп сұрады.

Мүшріктер – “иә иман келтіреміз” деп жауап берді.

Осы орайда айын бәдір, яғни ай толық көрінге кезде, пайғамбарымыз с.а.у мүшріктердің талабы бойынша Алла Тағалаға дұға етті.

Жәбрайіл а.с періштесі жерге түсіп, Алла Тағала дұғасын қабыл еткендігін естірткенде, пайғамбарымызда с.а.у Меккеліктерге хабар берді. Мүшріктерде айдың он төртінші кешінде айдың екіге бөлінгенің көрді.

Яғни Алла Тағала айдың жартысын Әбу Құбайыс тауында, екінші жартысын да Қияқиян тауы арасынаң туғызғанда. Пайғамбарымыз “Ей Әбу Сәләмә бин Адбуләсәд! Әркәм бин Әбу әл – Әркәм! куә болыңыздар” деп мұсылмандарға және “Ей пәленше ұлы пәленше куә болыңыздар” деп мүшріктерге дауыстады.

Алайда мүшріктер “Бұл тау Әбу Кәбшаұлының бір сиқыры”, “Әбу Кәбшаның ұлы сіздерді сиқырлады”, “Мұхаммад бізді сиқырлады” деді.

Кейбіреулеріде “Мұхаммад бізді сиқырласа, қалған барлық адамдарды сиқырлауы мүмкін емес. Басқа жерлердең келген адамдардаң, қасыңызға келгендерінең сұраңыздар. Бұны оларда көргенбе екен” деді.

Кейін әр жердең келгендердең сұрады – “әрейне бізде айдың екіге бөлінгенің көрдік” деп жауап берді. Осылайша жан – жақтан келгендердің ішінде хабар бермеген ешкім қалмады.

Бірақта мүшріктер болса иман етіп, мұсылман болудаң бет бұрды, яғни бұның барлығы “аяқ асты болған сиқыр, Әбу Талибтын жетімінің сиқыры көк жүзінеде әсер етті” деді.

 

 

Ұлы жаратушы Алла Тағала “Қамар” сүресінде осы мұғжиза турасында былай бұйырды:

 

“Қиямет жақындады, ай жарылды. (1)

Олар бір мұғжиза көрсе бет бұрады да: “Жалғасты түрдегі бір сиқыр” дейді. (2)

Олар жасынға шығарып, әуестеріне ерді. Негізінде әр істің бір тұрағы бар. (3)

Расында оларға секем аларлық хабар келіп болды. (4)

Жеткілікті хикмет бар. Сонда да ескертулер пайда бермес. (5)

(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше, олардан бет бұр. Бір күні шақырушы жаман іске шақырады. (6)

Олар, қабірлерінен көздерін сүлмейтіп, таралған шегіртке құсап шығады. (7)

Шақырушы жаққа жүгірген кәпірлер: “Бұл ауыр күн” дейді. (8)”

Закрыть меню