Дін – руханиятымыздың азығы

Дін – руханиятымыздың азығы

Дін – ғылымның атасы,

Дін – ғылымның анасы,

Ғылым – діннің баласы

А.Құнанбаев

 

Қазақстандағы рухани мəдениеттің артуында  Ислам дінінің бүгінгі жағдайы орасан зор рөл атқарады. Ислам дінінің адамгершілік нормаларында тəрбиеге қатысты қайрымдылық, мейрімділік жақтары көп ескеріледі. Бүгінгі біз өмір сүріп отырған қоғамда қайырымдылық тиімді. Қайрымдылық көрсеткен адамның көңілі таза, мейірімділік қасиетке ие болады. Ислам дінінде сүйіспеншілік, мейрімділік, тазалық ерекше орын алады. Сол себепті, Ислам дінінің тəрбиелік мəні бүгінгі таңда маңызы зор.

Ислам дінінің ерекшелігі – ұлттық салт-дəстүр, əдет-ғұрпымызды, рухани қазынамызды бір жүйеге салып, құндылығын анықтап, арттыруға көмектесетін тəртіп заңы. Ислам діні имандылыққа жетелейді, бойында иманы бар адам еш уақытта жамандыққа бармайды. Иманды адам ар-ұжданын, тазалығын, əдептілігін, əділеттілігін сақтайды. Əдептіліктің өзі адамның өзін-өзі тəрбиелеуіне, мінез-құлқын дұрыстауына көмектеседі. Мінезі құлқы дұрыс адам қоғамда, қоршаған ортада үлкен игілікті іс-əрекет жасауға дайын.

Мəдениеттің ең керекті нышандары – бүгінгі күнгі өзекті мəселелердің бірі. Біз тəрбиелі адамның дүниедегі болмыс тəсілі деп қарастырсақ, онда дін осы болмысқа мағыналық жəне тұрақтылық беретін күш. Адамның болмысы қайшылыққа толы: өмір жəне өлім, пендешілік жəне руханилық, өзімшілдік, лəззат жəне парыз. Діннің басты қызметі — адамдық қарым-қатынасты белгілі бір тəртіпке  келтіріп,  оның  құдіреті  мен  қасиетіне  адамды   иландыру,  сендіру.  Дін – мəдениеттің бастамасы жəне оны қорғаушы күші. Кейбіреулер дін салт-дəстүрмен шектелмейді деп ұғады, ол дұрыс емес, өйткені салт-дəстүрімізбен ұштасқан асыл дінімізден мəдениеттіліктің негізін көре аламыз.

Ислам діні – өте таза, қарапайым, елдің өмір сүру қағидаларына ыңғайлы. Ислам діні бүкіл адамзатқа бағышталған болашағы көлемді, əлемдік дін. Исламның өзге діндерден айырмашылығы ғылым мен зерттеулерге жол ашып, еркін ойлауға, ізденуге мүмкіндік береді. Енді ғана өркендеп келе жатқан дінімізді орнықтыра түссек, одан ұтпасақ, ұтылмаймыз. Өйткені Ислам діні – тарихи дамудың негізі. Дінімізді бекем ұстап, дұрыс түсіну – жастарды ұлттық рухпен тəрбиелеу бүгінгі жағдайдың ісі. Ислам – кез келген уақытқа, жағдайға, толыққанды тіршілікке арналған дін.

Қазақстандағы ислам, біріншіден, адамзат баласының өткенімен де, бүгінгісі, болашағымен де тығыз байланысты өмір сүреді. Екіншіден, ғасыр замана үрдісімен процесінен, өркениеттен қалып қоятындай кертартпалыққа жол бермейді. Ислам кең, əр адамның ізденіп, зерттеу жасауына жəне өз заманының қайғы-қасіретіне шипа боларлық шара іздеуіне ерікті бағыт-бағдар береді.

Сондықтан біз хақ дінді берік ұстанып, ондағы асыл құндылықтарды пайдаланып, ұрпақтарымызды имандылық қағидаларымен тəрбиелесек, өркениетті елдердің алдыңғы қатарлы биік деңгейлеріне шығатынымызға толық сенеміз. Дін бірлікті, ынтымақтықты дəріптейді, ол қоғамдағы рухани ілім саласы. Бірлік бар жерде тірлік бар. Тірлік бар жерде адамгершілік құндылықтар бар. Ынтымақты ел əр уақытта мəдениеті жоғары, салауатты ел.

 

Салтанат Темірғалықызы,

«Шапағат деструктивті діни ағымдардан

жапа шеккендерге көмек» орталығы психологы

Закрыть меню