Хумаза сүресінің тәпсірі

Хумаза сүресінің тәпсірі

Құран Кәрімнің 104-ші сүресі Һумезе сүресі 32-ші сүре ретінде Меккеде түсірілген. 9 аят, 30 сөз 130 әріптен тұрады. Бұл сүре, адамның қадір-қасиеті мен ар-намысын қорғауға бағытталған. Осы себепті сүренің атауы ар-намысы мен қадір-қасиетке дақ түсіру мағанасындағы «Һумаза» сөзінен алынған. Алла Тағала бұл сүреде дүние-мүлкімен мақтанғандарды, адамдарды мазақ қылғандарды, үлкен азабымен азаптайтының ескертеді. «Һумаза» кемшіліктерді санауды білдіреді, «Лумаза» — мазақ ету мен қорлауды білдіреді. (Тафсирул-Мунир, 15: 624).

Құранда келтірген үкімдердің жалпы ережесі: «Себептің жекеленуі сөздің жалпылығына теріс емес». Өйткені Алла Тағала аятта жеке мағаналар астарымен әмір етеді; бірақ аяттар жалпы мағананы білдіреді.

Сүренің түсірілу себебі. Уәлид б. Муғира, Үмәйя б. Халаф , Аннес б. Шүрейк туралы түсірілгені риуаят етілген (Ибн Кесир, Тафсир, 4: 450). Олар бай және көрнекті адамдар еді. Олардың барлық жұмыстары мал – мүліктерімен өздерін мақтан тұту, пайғамбарларды мазақ етіп, басқада мұсылмандарды айыптау еді. Сүре жалпы мағанада мұсылмандарды мазақ ету, тілдерімен және іс – әрекеттерімен рухани тұрғыдаң жеке басына қаяу салып ренжітуден тыйған.

            Сүренің аудармасы (Халифа алтай аудармасы бойынша)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Бүкіл қорлаушы, өсекшіге нендей өкініш!

Сондай мал жиып, оны санағандарға.

Негізінен малы, өзін мәңгі жасатады деп ойлайды.

Олай емес, әлбетте ол «Хұтамаға» тасталады.

«Хұтаманың не екенін қайдан білесің?»

Ол, Алланың жағылған оты,

Сондай жүректерді шалатын.

Расында, олар, ол отқа қамалады,

Ұзын діңгектерге байланады.

Нәтижелері:

Алла Тағала бұл сүреде иман еткендерді және басқа да жазықсыз адамдарды жоқ жерде өсек-аяңмен, адамдардың қадір-қасиеті мен ар-намысын таптағандардың қияметтегі жағдайын ортаға қою арқылы біздерге ескертеді. Яғни мұсылмандардың осындай жаман күйсіз, жағымсыз жағдайларға тап болдырмауға шақырады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Алланың алдында ең жаман адам – сыбырлап өсек айтқан, достар арасына ірткі салып, жазықсыз адамдар үшін ерекше лақап таққандар» деген (Куртуби, Тафсир, 18: 181).

Сонымен қатар, сүреде Алла Тағала иман еткендерді дүние жинауға және мал- мүлікке деген ынталарының еш пайда бермейтінін ескерте отырып, дүниеқор болмауды әмір етеді. Адам үшін ең қымбат қазына – бұл «ғылым» және ғылымды қажет қылатын салиқалы амал. Мал-мүлікке сенім арту адамдарды өкінішке ұшыратады, ал олардың мал-мүліктерімен    мақтануы өрескелдік, менмендік сияқты жаман әдеттердің қайнар көзі. Хз. Әли (р.а.): «Мал-мүлік сақтаушылар өледі; Ғалымдар өмір сүруді жалғастыруды және уақыт өткен сайын адамдарға пайдалы болады », – деп ол әдемі түрде жеткізген.

Дұға: «Я Алла!  Бізге жұмақты және жұмаққа жетелейтін амалдарды нәсіп ет. Бізді тозаққа апаратын істерден және тозақтан ұзақтат. Я Алла! Сен кешірімдісің, сен кешіргенді ұнатасың, бізді, ата-анамызды кешір!»…

Закрыть меню