«Піл» сүресінің тәпсірі

«Піл» сүресінің тәпсірі

«Піл» сүресі – ғалымдардың бір ауыз келісуі бойынша Меккеде түскен сүре. Ол сүре бес аяттан тұрады. Сүреде піл иелерінің қиссасы баян етіледі. Олар Қағбаны бұзуға бет алады. Бірақ Алла Тағала оларды өз қаруымен жойып жіберді. Осылайша Жаратқан өзінің үйін олардың жаулап алуынан қорғап қалды. Абраһаның әскері ең әлсіз мақлұқтар арқылы жермен жексен болып жойылды. Ол құстар тұмсығы мен аяғына кішкене тас алып келді. Алайда, бұл тастар қорғасын оқтан да опатты боп тиді. Аталған тарихи оқиға пайғамбарымыз Мұхаммед ибн Абдулла (с.ғ.с) дүниеге келген 570 жылы болды. Айтулы оқиға пайғамбарымыздың (р.а.) елшілігін растайтын ең үлкен белгілердің бірі болды.

 

Енді аяттарға жеке – жеке тоқталып өтсек.

أَلَمْ تَرَ كَيْفَ فَعَلَ رَبُّكَ بِأَصْحَابِ الْفِيلِ

  1. Раббыңның піл иелеріне не істегенін көрдің бе?

Абдулла ибн Аббас өзінің бір сөзінде: Уа, Мұхаммед! Қасиетті Қағбаға жаугершілік ниетімен келген піл иелерінің жағдайы жайлы саған хабарды келмеді ме?  Риуаятта: «Йемен патшасы Абраһа Сана қаласында шіркеу тұрғызады. Ондағы ойы қажыларды шіркеуге тарту. Кинана руынан бір кісі түнделетін келіп шіркеуді мазақ етіп ішін нәжістеп, қабырғаларын ластап кетеді. Ашуына мінген Абраһа Қағбаны бұзамын деп ант етеді. Ол піл мінген үлкен әскерімен Меккеге келеді. Әскер Меккеге таяп келгенде, қала тұрғындары қорқып тауға қашады. Абраһа әскеріне қарсы Алла Тағала қара құстарды жібереді. Құстар тұмсығы мен екі аяғында бір-бір түйір майда тас алып келеді. Құстар лақтырған майда тастан әскер тып-типыл болып, жансыз денелері жерде сұлап жатты. Бұл басқаларға ғибрат оқиға болды. Сонымен бірге, пайғамбарлықтан бұрын болған ирхасат оқиға еді

ألَمْ يَجْعَلْ كَيْدَهُمْ فِي تَضْلِيلٍ

  1. Олардың айла-қулықтарын адасуға айналдырмады ма?

Оларды жойып, Қағбаны бұзбақ болған әрекеттерін зая етті. Яғни бұл жерде олар пілмен келіп айла қылып Қағбаны құлатқылары келді, Алла сол айлаларын біліп алдын алғаны баяндалып жатыр.

وَأَرْسَلَ عَلَيْهِمْ طَيْرًا أَبَابِيلَ

  1. Және де оларға құстарды топ-тобымен жібермеді ме?

Алла Тағала осы аятында оларға Абабил құстарын жібергені айтылады. Ғұламаларымыз: Оларда яғни құстардың тұмсығында бір тас және екі аяқтарында екі тозақтық тастардың болғандығын жеткізеді. Яғни сонда әр құста үш тастан болған. Ол құстар сол тастармен атқылаған.

تَرْمِيهِمْ بِحِجَارَةٍ مِنْ سِجِّيلٍ

(Құстар) оларды балшықтан күйдірілген тастармен атқылады. 

Ғұламаларымыз: Ол құстар тозақтан болған тастармен атқылағандығын жеткізеді. Ол балшық тас оқ сияқты тиген адамды жер жастандырып жатты.

فَجَعَلَهُمْ كَعَصْفٍ مَأْكُولٍ

Сөйтіп оларды дәні мүжілген сабандай етті.

Оқ тиген әскер ағаштан жерге үзіліп түсіп, мал жеп тезек етіп кеткен жапырақ секілді күйге түсті.

Бұл қиссада Алла Тағаланың қасиетті Қағбаны құрметті еткендігін және Құрайышты жаудан қорғағаны айтылады. Сондықтан, Құрайыш Алла Тағалаға құлшылық етіп, шүкіршілік жасауға міндетті. Піл оқиғасы Алла Тағала жауларынан есе алуының ғажайып көрінісі бар. Бахр кітабында: «Бұл үлкен әскердің жойылуы пайғамбарымыздың (с.ғ.с) дүниеге келген жылы орын алды. Піл оқиғасы – пайғамбарлықтың ирхасаты. Өйткені, бұл оқиғаны дүйім жұрт өз көзімен көріп, куә болды. Алла Тағала үлкен әскерді, әдетте ешбір зияны жоқ әлсіз құстардың көмегімен жойғандығы айтылады.

                                           Е.Сағынов,

 «Шапағат» ҚҚ-ның теологы

Закрыть меню