Carousel contents not found!

Тұрлыбеков Мұрат Аяпұлы

"Шапағат" деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы" Қоғамдық қорының директоры.
Тел: +7 775 125 35 03

Мақалалар

Наша лента в Instagram

  • Instagram Image
  • Қарағандыда өткен «Зайырлылық қағидаттарын нығайту — экстремистік идеологияға қарсы іс-қимылдың негізі» атты республикалық форум аясында Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев «Әлеуметтік желілерде діни материалдарды таратудың әкімшілік әдістері» тақырыбында баяндама жасап, Атырау облысында деструктивті діни ағымдардың жақтаушыларын дерадикализациялау бойынша практикалық тәжірибе жинақталғандығын алға тартты.
Сондай-ақ, басқарма басшысы Қайролла Көшқалиев көпшілік алдында өз тәжірибесімен бөлісе отырып:
— Менің осы форумға келуімнің мақсаты — әкімшілік тәжірибені қолданудағы озық тәжірибелермен бөлісу. Біз өз жұмысымызда жаңа технологияларды қолданамыз — атап айтқанда, әлеуметтік желілердегі сайттар мен аккаунттарды бақылайтын арнайы кибербақылау бағдарламасы. Бұл жұмыс басқа мемлекеттік органдармен және Дін істері басқармаларымен бірлесе отырып жүзеге асырылады. Ол үш кезеңнен тұрады. Біріншісі — алдын-алу, заңнаманы түсіндіру. Екінші кезең — мақсатты жұмыс, үшіншісі — әкімшілік ықпал ету. Бұл тәсіл өз нәтижесін беруде», — деді. 
Қатысушылар да өз ризашылықтарын білдіріп, бұл жаңа технологияның берер нәтижесі мол екендігіне сенім білдірді.
@ato.atyrau @atyrau_udr
  • Ағымдағы жылдың 24, 25 қазан күні Атырау облыстық дін істері басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында "ШАПАҒАТ" қоғамдық қордың ұйымдастыруымен облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйінде "Дәстүрлі ағаш егу" акциясы өткізілді. Акцияға "Шапағат" ҚҚ-дың теолог мамандары, "Иманғали" мешітінің имамдары, діндар жамағат және аталған мекеменің тәрбеленуші балалары атсалысты. Шарада 50 дан астам жеміс талдары және 10 декоративтік ағаш отырғызылды. 
@atyrau_udr @ato.atyrau @iman_zhastary @atyrau.day
  • Ағымдағы жылдың 17 қазан күні, Дін істері басқармасы және Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының тапсырысы аясында «Иманғали» орталық мешітінде «БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ» жәрмеңкесі өткізілді.

Аталған жәрмеңке аясында бос жұмыс орындарының саны – 160,  қатысқан адам саны – 70, кәсіби қайта даярлау курсына баруға ниет білдіргендердің саны – 7. Мекемелердің ұсынылып отырған бос жұмыс орындарына сай келетін жолданған түйіндемелердің саны – 19 адам.

Атырау қалалық Жастар ресурстық орталығы "ЮСС Супорт Сервисез" "Денхолм-Жолдас" "Спецавтобаза" "Болашақ-Атырау" "Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг" "FSSA" "Сенімді Құрылыс" "ҚазМұнайГаз-Бұрғалау" ЖШС "Фиркрофт Инжиниринг" КФ, компанияларына алғыс айтамыз!
  • Атырау қаласының тұрғындары және мешіт жамағаттарына!!!
Жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, жастарға кеңес, психологиялық, әлеуметтік мәселелер бойынша тегін кеңес беру және "Бос жұмыс орындары" жәрмеңкесіне шақырамыз.
Өтетін орны: Иманғали орталық мешіті
#иманғалиатырау #мешітиманғали #шапағатқоғамдыққоры #жәрмеңке #босжұмысорындары
  • Мағыналы сөздер... @shapagat_atyrau
  • •
⠀
✅ Құрметті, инста-оқырман!
⠀
Парақшамызда "Шапағат" қоры теологтарымен бірлесе отырып, "СҰРАҚ-ЖАУАП" айдары ашылды. Егер сізді толғандырған қандай да бір сұрақтар болса, бізге жолдаңыздар.
⠀
Біз Сізге жауап береміз!
⠀
🅿️ Видеоны Telegram-каналдан  жүктей аласыздар. Сілтеме BIO-да! ⤴️
⠀
#бейсенбі #жұма #әруақ #сұрақжауап
  • #сириясапары
⠀
26 жастағы Теміртау тұрғыны Диас Рахметов ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын жекеменшік мектепті, одан кейін заңгер мамандығы бойынша колледж бітірген. Бұдан соң Қарағандыдағы жоғарғы оқу орнында "халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша білім алған.
⠀
17 жасында ислам дініне аңсары ауған. Интернеттен ақпарат іздеп, діни мазмұндағы дәрістер тыңдап, видеолар қараған. Бірнеше жыл бұрын ол "халифат" құру мақсатын жариялап, Сирия аумағының бір бөлігін бақылауға алғаннан кейін Иракқа қарай жылжи бастаған "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының идеологтары дайындаған видеоны көрген. Видеода айтылған идеяның жетегіне ерген жас жігіт оқуын тастап, Таяу Шығысқа кетуге бел буған.
⠀
Ол 2015 жылы мамырдың соңында "Таяу Шығысқа асыратын" адаммен байланыс орнатып, Сирияға қалай жетуді келіскен. Рахметов көздеген жеріне Қырғызстан (олар мұнда ресми өткізу орындарын айналып өтіп, шекараны заңсыз кесіп өткен) мен Түркия арқылы барған. Қазақстаннан кеткеніне бір жыл болғанда Сирияға жеткен.
⠀
Рахметовтің айтуынша, ата-анасы оның Сирияға кететінін білмеген. Жігіт ата-анасынан жоспарын жасырғанына өкінеді. "Білсе, мүмкін, жолдан қалуға көндіріп, өмірім басқаша жалғасар ма еді" дейді ол. Диаспен бірге Сирияға оның ағасы да барған. Кеткен бойда оларға іздеу салынғаны туралы жергілікті ақпарат құралдары жазған. Диас ағасы жайлы айтқысы келмеді. Таяу Шығыста жүрген кезінде ағасы жайлы "өлтірілді" деген хабар алғанын ғана айтты. Диас бұған сенгісі келмейді және "ол тұтқында жатқан болар" деп үміттенеді.
⠀
Диас Рахметов Сирияда әскери дайыындықтан өтіп, қолына қару алған. Ол адам өлтірмегенін айтады. Өз сөзінше, әскери операцияға баратын күні әуе шабуылынан құлаған ғимараттың астында қалған. Миы шайқалып, оң қолы мен самай тұсында әйнек сынықтары қалып қойған. Сондықтан ол әскери операцияларға қатыспаған. Бұл ақпараттың шынайылығын тексеріп, көз жеткізу мүмкін емес. Қазақстанда жүргізілген сараптама Диас Рахметовтің денесінде әлгіндей жарақаттар бар екенін растаған.
Рахметов жарақатынан кейін "Ислам мемлекеті" экстремистік тобынан көңілі қалғанын айтады.
⠀
ЖАЛҒАСЫ КАРУСЕЛЬДЕ ➡️➡️➡️

ҚР мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Мемлекеттік органдардың веб-сайты

Закрыть меню