maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Дін және ғаламтор

Дін және ғаламтор

Ағымдағы жылдың 22 қараша  күні Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының әлеуметтік тапсырысы аясында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен    діндар студент қыздар  арасында «Дін және ғаламтор» атты тақырыбында  дөңгелек үстел «сервис» колледжінде  өткізілді.

 

Шараның мақсаты: Ғаламтор кеңістігінде эктремистік ақпараттардан сақтандыру, бүгінгідей интернет қарқынды дамып отырған заманда оны қауіпсіздендіру шараларын қалай білуге болатындығы турасында өтілді.

«Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы ҚҚ-ның теолог маманы М.Рустамқызы жүргізді. «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы ҚҚ-ның теолог маманы Қ.Миланбек және психолог маманы С.Нұрбекова қатысты.

 Шара 9-ға жуық діндар студент  қыздарға өткізілді. Бүгінгі шарада қыздар екі топқа бөлінді. Белгілі тапсырмалар берілді. Тапсырма екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең: «Ғаламтордың пайдасы мен зиян» тұстары деген тақырып берілді. Бірінші топ осы тақырып төңірегінде сурет салу керек болды. Екінші топ осы тақырып төңірегінде ойларымен бөлісу. Тапсырмалар топпен ақылдасып отырып жасалды. Екінші кезең: «Отбасына ғаламтордың тигізіп жатқан пайдасы мен зияны», «Жастарға ғаламтордың тигізіп жатқан пайдасы мен зияны» деген тақырыптарға топпен ақылдаса отырып қойылым қою керек.

Қыздар екі кезеңде өздерін еркін ұстап белсенділік танытып отырды. Берілген тапсырмаларды қиындықсыз орындап шықты. Шара соңында өздерінің ризашылықтарын білдірді.

Жоғарыға