maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

«Ислам және зайырлы қоғам»

«Ислам және зайырлы қоғам»

 Ағымдағы жылдың  29 қараша  күні Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының әлеуметтік тапсырысы аясында «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен    діндар әйел жамағаты арасында «Ислам және зайырлы қоғам» атты тақырыбында  отырыс өткізілді.

 

Шараның мақсаты: Ислам дінінің маңыздылығын түсіндіре отырып, зайырлы қоғам ұғымын түсіндіру.

«Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы ҚҚ-ның теолог мамандары М.Рустамқызы, Қ.Миланбек және психолог маманы С.Нұрбекова жүргізді.

Шараны «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы ҚҚ-ның психолог маманы С.Нұрбекова шараның мақсатымен таныстырып өтті. Қазіргі уақытта зайырлы қоғам ұғымын түсінбеу негізінде көптеген келіспеушіліктер  орын алуда. Соның ішінде сәләфизм ағымы зайырлы ұғымын түсінбей іріткі салып жатқаны өкінішті турасында айтып өтті.

 «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы ҚҚ-ның  теолог маманы М.Рустамқызы зайырлы қоғам ұғымын түсіндіріп берді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы діни ахуал турасында айтты. Зайырлы қоғам- озық толерантты қоғам. Президенттіміз Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының барлық басқа ұлт өкілдерімен бейбіт өмір сүруге шақырады». Оның дәстүрін, дінін сыйлауға шақырады. Зайырлы қоғамда діни сенім бостандығы бар. Діни ритуалды орындау, орындамау әр адамның өз құқығы.

Теолог маман Қ.Миланбек зайырлы қоғамға қауіп төндіріп жүрген сәләфизм ағымының тарихына, топ топқа бөлінуіне, белгілі уағызшыларына тоқталып өтті. Дінді дұрыс түсінуге шақырды. Сәләфизм өкілдерінің қоғамға көптеген зардаптарына тоқталды.

Бүгінгі шараға 13-ке жуық әйел жамағаты қамтылды. Әйел жамағаты өздерін еркін ұстап, ойларымен бөлісіп отырды. Шара соңында барлығы ризашылықтарын білдіріп, тарқасты.

 

Жоғарыға