maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Стресс және күресу жолдары

Стресс және күресу жолдары

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының әлеуметтік тапсырысы аясында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен   әйелдер жамағаты арасында «Стресс және күресу жолдары»  тақырыбында психологиялық тренинг  өткізілді.

 

         Шараның мақсаты: Стресті жағдайлардан  тиімді жолмен шығу дағдыларын қалыптастыру. Ішкі қысымнан арылу жолдарын көрсету. Өзін-өзі бақылау, игеру дағдыларын дамытуға ықпал жасау.

Тренингті  «Шапағат» ҚҚ психологы С.Нұрбекова өткізді. Аталған шараға «Шапағат» ҚҚ теологы М.Рустамқызы, Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының маманы Ақерке Құбашқызы қатысты.

Тренингте I- бөлім: «Танысу»

II- бөлім: Кіріспе Стресс анықтамасы. Стресстен шығу жолдары.Стресстің алдын алу ережелері.

III-бөлім: «Ақиқат орындығы» жаттығуы

Мақсаты:қатысушылардың қорқыныштары мен қысымнан арылту, ашық болуға шақыру.

IV- бөлім:Тест «Стрессті анықтау»

V- бөлім: «Менің сезімім» жаттығуы.

Мақсаты: Іште жиналған жағымсыз эмоцияларды шығарып, жағымды эмоция қалыптастыру.

VI- «Чемодан,ет тартқыш, қоқыс» жаттығуы

Мақсаты: жүргізілген тренингтен өзіне керекті мағлұматтарды чемодандарына салып, қажетсіз деп танылғандарын ет тартқыш арқылы тартып қоқыс себетіне тастау.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек қысымға ұшыраудан алыс болуды.

Нені игеру керек: қысымнан шығу жолдарын.

Нені біледі: қысымның туындау себептерін.

Шара соңындаәйелдер жамағаты іште жиналған жағымсыз эмоцияларын шығарып белсенділік танытты.  Қиын жағдайда адамның қиындықты жеңуге деген өзінде талпыныс болу керек екенін түсінгендерін айтты. Адамға қиындыққа төтеп берер психологиялық дайындықтың болуы маңызды екенін сезінді.  Бүгінгі тренингтен мол мағлұмат алғандарымен бөлісті.

 

 

Жоғарыға