maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Еліміздің еркіндігі-тәуелсіздік

Еліміздің еркіндігі-тәуелсіздік

       «Қазақ өз тәуелсіздігін алады, Біз оны көрмеуіміз мүмкін бірақ болашақ ұрпақ көреді»-деген еді кешегі алаш көсемдері. Қазақ тарихы, қазақтың тыныс-тіршілігі әрқашан тәуелсіздік еркіндікпен тікелей байланысып жатады. Осы бір бабадан бізге мұра қалған ұшса сұңқардың қанаты талатын, шапса тұлпардың тұяғы тозатын ұланғайыр далада еркін өмір сүріп жатқан бүгінгі ұрпақ біз бақытты емеспіз бе?

      Егемен елдің ертеңін арқалаған, бүгінгі ұрпақтың алдында тұрған мақсат.  Ол ұшқан құстай дамыған заманның, заманауи үрдісінен қалыспай  жаңашылдыққа бет  бұрып үздіксіз алға басу екндігі айдан анық ақихат. «Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен қарасаңыз сөз жоқ, жеңіске жетесіз»-деп өнеге қалдырған Қ.Сәтбаев. Тар заманның тар қыспағында жүріп, таңғаларлық жетістіктермен, таңғажайып жемістерді тарту еткен кешегі ұлы даланың ұраны  ата-бабаларымыздың бізге қалдырған ұлық мұрасын,  ұлағаттап,  ұлыттық  руханиятымызды сақтау, бабалардың бергенін балаларымызға жеткізу  бүгінгі күннің буындарына  парыз екенін әрбір тәуелсіз елде өмір сүріп жатқан ұлт өрендері  ұғынуы тиіс.

       Адам баласы мақсатына жету үшін жол жүруі керек, жол жүру үшін жүрер жолы қауіпсіз,  жолға серік және арып аштырмайтын азық керек. Ендеше бізде бір жолаушымыз тәуелсіз елде еркін өмір сүрген әрбір ұрпақ ел егемендігін  болашаққа алып бара жатқан жеткізуші, осы орайда айтылатын уәж біздің жол жобамыз өте қауіпсіз, себебі біз тәуелсіздікте  өмір сүрген еркін елміз. Бағытымыз айқын, бағдарымыз бар, мақсатымыз мығым. Ендеше бізге ендігі міндет ол уақытты қолдан бермей үздіксіз ізденіс, оқу, талпыну еш тоқтаусыз алға жүру. Озық ғылымның тетіктерін  игеріп  басқалармен бәсекелесуге қуатты болумен қатар, ой-санамызға білімнің тәрбиелі таза тағылымын жинауға тистіміз. Оған дәлел Әл фараби бабамыздың «Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы»- деген қастерлі қағидасы қай заманда да өз құнын жоймайтын қанатты сөз. Ендеше Тәуелсіз еркін елде өмір сүрген бүгінгі ұрпақ  үшін ең басты мақсат ол руханятты көтеру атадан қалған абыз мұралармен, анадан қалған асыл қасиетімізді жоғалтпау болып табылады деп түснер едім.

   Біздің тәуелсіз еліміздің идеясында орындалмайтын адам баласына тән емес  мақсат қойылмаған, адам баласының қолмен істеп ойымен жете алатын әрі жеткізе алатын ой-санаға сиымды мақсаттар ашық  көзделген. Оған бірде бір айғақ Елбасымыздың Рухани жаңғыру мақаласында баса айтылған «Өкінішке орай тарихта тұтас ұлттардың ешқашан орындалмайтын елес идиологияларға шырмалып, ақыры су түбне кеткені туралы мысалдар аз емес»-деп, алға басар жолымызға, алар қамалымызға нық сеніммен кетіп бара жатқанымызды жадымызға салғаны белгілі.   Демек біз санамызда сақтауымыз керек болған ең басты байлығымыз ұлттық құндылығымыз, дініміз,  салт-дәстүріміз, әрқашан биіктерге  барар баспалдақ, жетістіктің діңгегі екендігін есте сақтауды ескертеді. Әрбір  халық болсын, қауым болсын жеке адам болсын  өзінң болмысын жоғалтпастан жеткен жетістігі нағыз жетістік болмақ. Адам балысы өткен тарихыынан сабақ алады, алуы керек. Себебі тарих тек шындықтан тұрады, тарих нақты болған болмыстан болашаққа жетеді және болашақ үшін үлкен сабақтар берумен қатар орнықты ойлар қалыптастрады.

  Ендеше еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік, ал тәуелсіздіктің тірегі. Ғылым мен білімнің қадірне жеткен жас ұрпақта.

Тұрлыбеков Мұрат Аяпұлы

«Шапағат» деструктивтік діни

ағымдардан зардап шеккендерге

көмек көрсету орталығы ҚҚ директоры

Жоғарыға