maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Жастарды Рухани адамгершілікке тәрбиелеу

Жастарды Рухани адамгершілікке тәрбиелеу

           Облыс тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру, экстремизмнің алдын-алу және дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау.

 

           Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының тапсырысы аясында  «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының ұйымдастырумен «Жастарды Рухани адамгершілікке тәрбиелеу» атты  семинар өтті.

         Атаулған шараға Атырау облысы Дін істері басқармасы «Ақпараттық талдау орталығы» КММ-нің бөлім басшысы А.Бақтығалиев, Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Г.Нұрымқызы, «Шапағат» ҚҚ теолог мамандары Қ.Миланбек, Р.Моллақанағатұлы қатысты.

          Семинарды алғашқы бөлімінде Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Г.Нұрымқызы, «Асыл дінімізден нәр алған ұлттық құндылықтар» тақырыбында слайд көрсетіп, студенттермен пікір-талас өткізілді.

          «Шапағат» ҚҚ теологы Р.Моллақанағатұлы «Жастарды рухани адамгершілікке тәрбиелеу» тақырыбында слайд арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, студенттердің сұрақтарына ашық түрде жауап берді. Сондай-ақ, теолог Қ.Миланбек дін жолын ұстанудағы маңызды факторлар мен тарихын, салт-дәстүрмен ұштастыра отырып, исламдағы мінез-құлық туралы баяндама жасады.

Жиын соңында Атырау облысы Дін істері басқармасы «Ақпараттық талдау орталығы» КММ-нің бөлім басшысы А.Бақтығалиев семинарды қорытындылап, студенттерді сертификатпен марапаттап, алдағы білім жолына сәттілік тіледі.


 

Жоғарыға