maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Атырауда жаңа оңалту орталығы ашылды

Атырауда жаңа оңалту орталығы ашылды

 

 

 

Бүгін жұма күні Мәуліт айының қарсаңында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының «Дина» сауда орталығында филиалы (оңалту бөлімі) ашылды.

Аталған шараға Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев, "Иманғали" орталық мешітінің өкіл имамы Б.Мансұров, «Шапағат» қоғамдық қорының директоры М.Тұрлыбеков, «Дина» сауда орталығының басшысы Н.Тәуекел, Атырау қала әкімінің орынбасары П.Хасанов, Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гульбаршын Ерсайынқызы қатысып, жоғары бағасын берді.
Оңалту орталығының мақсаты теріс ағымның жетегінде кеткен өңіріміздің заматтарымен терең жұмыс жасау болып табылады. Жалпы дін жолында жүрген жамағаттарға дәстүрлі дінді түсіндіру, қажетті мәліметтермен ақпараттандыру, теріс ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету.
Мұнда арнайы психолог мамандар, тариxшы, теологтар, «Нұр-Мүбарак» египет ислам мәдениеті университетінің, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дінтанушы маман ұстаздары қызмет жасайды.
Мәңгілік Елге айналу мақсатында дәстүріміз бен мәдениетімізді сақтап қалу үшін деструктивтік діни ағымдардың кері әсерін жою өте маңызды боп табылады. Ұлттық иммунитетімізді, өткен тарихымызды жастарға сіңдіру үшін жалпы халықпен, «Дина» сауда орталығының маңында тұратын халықпен, сондай-ақ дін ұстанатын саудагер жастарға дұрыс бағыт беру мақсаты маңызды болғандықтан, орталық 5 күн таңғы сағат 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін өз қызметін атқаратын болады.
Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқаиев: Осы жылы қор көптеген әлеуметтік бастамаларға бастамашы болды. Жаһандық саясатта дін трендке айналғандықтан, деструктивтік діни ағымдар қоғамның тұрақтылығына үлкен зиянын тигізіп отыр. Осындай келеңсіз жайттарды алдын алу үшін діни бағытта әлде де көптеген жұмыстарды қолға алуымыз керек, - деп қызметкерлерге алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Салтанатты жиын соңында «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Б.Мансұров мекеме басшылығы мен қызметкерлерге ақ батасын беріп, ел игілігі үшін жасап жүрген барша теолог дінтанушыларға сәттілік тілеп, қатысушыларды Мәуліт мерекесімен құттықтады.


 

 

 

Жоғарыға