maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Рухани жаңғыру аясындағы сұхбат Ержан Салимгереевпен

Рухани жаңғыру аясындағы сұхбат Ержан Салимгереевпен

 

 

 

Адам баласының тағдыры түрлі түсті жіпке оранған өрнек секілді. Сол өрнектің жібі аяқ асты қара түске боялып,пендесін қиындықтармен сынаққа алып жататыны бар. Олардың қатарында адам сенгісіз ауыр тағдырды басынан өткеріп, сол сынақпен күресе жүріп, талай құласа да, сағын сындырмай, өмірден түңілмей, қайта қоғамға пайдасын тигізіп жүрген рухы мықты, жігері берік азаматтар қазіргі кезде аз емес.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні «Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Атырау облысы Дін Істері басқармасының тапсырысы бойынша 2018 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, ҚАЖ департаментіне қарасты УГ157/9 ерлер түзету мекемесінде «Рухани жаңғыру-ұлттық ұлағат үлгісі» шара аясында Рухани сұхбат Суда жүзуден Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегi спорт шеберi Ержан Салимгереевпен өткізілді.
Шараға жазасын өтеуші 25 тұлға, сонымен қатар «Шапағат» ҚҚ теолог маман С.Сариев, М.Омаров пен бөлім басшысы Ж.Жұмағалиева қатысты.
Жаннат Қанатқызы Атырау қаласының мақтанышы, жігерлі де қайсар азаматтардың бірі, пара жүзуден әлемнің үздік спортшыларының бірі Е.Салимгереевті сотталушылармен таныстырып, өзін-өзі таныстыру мақсатында жиынды ашып жүргізіп отырды.
Ержанның тағдыры 9 жасында күрт өзгерген. Ауылдағы достарымен асыр сап ойнап жүрген бала абайсызда тоқ сымына тартылып бір қол, бір аяғынан айырылады. Сол ауыр күндері ата-анасы мен туыстары жанынан табылып, керемет қолдау көрсетеді.
- Қазір ойласам, олардың демеуінсіз менің тауым шағылып, өмірден әлдеқашан түңіліп кетер едім... Барлық жетістіктерім тек сол кісілердің арқасы деп білемін! – дейді, Ержан.
Осыдан кейін, Ержан жарты жыл арбада отырып, балдақпен жүруге көшеді. Бірде оған достары мүмкіндігі шектеулі жандардың спорт орталығына баруға кеңес береді. Осылайша, суда жүзе алатын тәжірибесі барын ескере отырып, ол осы спортқа ден қояды. Атыраудағы «Мұнайшы» стадионында орналасқан бассейнге барып, кәсіби спорттық жолындағы алғашқы қадамын жасаған еді. Күн-түн демей жаттыққан Ержан көп ұзамай-ақ жетістіктерге жете бастады. Алғашқы тырнақалды жеңісі 2015 жылы ҚР чемпионатында орын алды. 2016 жылы Германия Кубогында алтыннан алқа тақты, ол өз көрсеткішін 32 секундқа дейін жақсарта алды. 2017 жылы Германияның ашық біріншілігінде қос алтынды олжалады. Бұл жеңісі сол жылы Мексикада өткен әлем чемпионатына жолдама әперген болатын. Мексикада да Ержан бәрінің алдын орап, мәреге бірінші жеткенмен, төрешілер фальстартта қателік болды деп, оның көрсеткішін жойып тастаған еді. Бірақ, барлық бейнеқайталауда оның ешқандай ереже бұзбағанын байқау қиын емес. Әділетсіздікке тап болса да, Ержан жасымай, әрі қарай шыныға береді. Соның нәтижесінде, осы жылы әлемнің ең үздік спортшыларын жинаған Әлем кубогында 100 метрде баттерфляй әдісімен жүзуде 1:21,61 нәтижесімен қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды.2018 жылы Индонезия елінің астанасы Джакартада өткен ІІІ Пара Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны екі алтын медальмен толықты. Жүзу спортынан жеңімпаз атанды.
Теолог С.Сариев "Тәубеге келу" тақырыбында уағыз айтып, жиынды әсерлі қорытындылады
«Экстремизм-терроризм» бабымен сотталған жамағат кездесудің ашық сұхбат ретінде өтуіне ризашылығын білдіріп, Ержанға алдағы өміріне жарқын белестер мен жетістіктер тіледі.
Шара соңы жақсы тілектер мен, алда келе жатқан Тәуелсіздік мерекесінің құттықтауларына ұласты. Сондай-ақ, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының атынан жас спортшы Ержанға бағалы сыйлақтардың бірі жүзу спортшыларына арналған «Қол сағатын» сыйға тартты.

 

 

 

Жоғарыға