maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Облыстық «Ғибрат» атты интеллектуалдық сайыс ең үздік топты таңдады

Облыстық «Ғибрат» атты интеллектуалдық сайыс ең үздік топты таңдады

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының  тапсырысы аясында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығы ҚҚ-ның ұйымдастыруымен                  21 қараша күні   облыстық  «Ғибрат» атты интеллектуалдық сайыс өтті.

Жастар «Мақал сөз атасы», «Ата дәстүр ұрпаққа өнеге», «Дін ислам діңгегім», «Тарих ғасырлар куәсі» атты 4 кезең бойынша білімдерін сынға салды. Атырау қаласы, Құрманғазы, Индер, Мақат, Махамбет, Қызылқоға, Исатай ауданы жастарынан құралған  «Фирдаус», «Ықылас», «Бәйтерек», «Фирхун», «Әлмизам», «Кәусар»  топтары білімдерін ортаға салды.

Халқымыздың рухани байлығын игеруге, ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға баулу, халқымыздың ғасырлардан ғасырларға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрін дәріптеу. Сонымен қатар өз дініне, тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған сайыс өте қызықты көңіл күймен өтті.

Ақпараттық-талдау орталығының басшысы М.Құбышев, «Шапағат» ҚҚ бөлім басшысы Ж.Жұмағалиева, «Шапағат» ҚҚ теолог маманы Р.Моллақанағатұлы  қазылық етіп, жастардың білім деңгейін саралауға ат салысты.

Облыстық сайысты Атырау облысы Дін Істері Басқармасы Ақпараттық талдау орталығының басшысы Құбышев Мейірбек Ғайниденұлы ашып, үміткерлерге сәттілік тіледі.

Сайыс ережесі бойынша әр кезең 10-12 сұрақтан қамтылған.

Әр топ сайыста көрсетілген сұрақтарға кезек-кезегімен және қойылған сұрақтарға толық жауап беру арқылы өзара талқыға салып, біраз дисскусиямен өтті. Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда бірінші болып қол көтерген топ жауап беріп, ұпай саны сол топқа беріліп, өз қанжығасына байлады.

Әрине тарихты білу – ұрпақ парызы. Елбасы мақаласында әрбір азамат туған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосуға міндетті деген болатын. Осы орайда біраз тарихқа шолу жасап, алға тартылған топтардың бірі Индер ауданының «Кәсуар» тобы көрермен көзайымына ілінген болатын.

Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт - дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт - дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.Салт - дәстүр, әдет - ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт - дәстүрі бар. Салт - дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл - ауқат, тұрмыс - тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз. Салтымыздың сауалдарына барынша шапшаң әрі дұрыс жауап беруден алда болған топтардың бірі Қызылқоға ауданының «Бәйтерек» тобы.

Сайыс соңында әділ-қазылар әділ бағасын беріп, жеңімпаздарды анықтап, I орынды иеленген Құрманғазы ауданының «Фердаус» тобына 100 000 теңге,  II орынға іліккен Индер ауданының «Кәусар» тобына 80 000 теңге, III орынға иеленген Махамбет ауданының «Ықылас» тобына 50 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлық берілсе, алғыс хат иегерлеріне бағалы сыйлықтарды табыстап, оларға алдағы өмірде сәттілік тіледі.

Жоғарыға