maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Біз экстремизм мен терроризмге қарсымыз!

Біз экстремизм мен терроризмге қарсымыз!

Ағымдағы жылдың 10 қараша күні Дін істері басқармасының «Ақпараттақ-талдау орталығы» тапсырысы аясында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының ұйымдастыруымен «Біз экстремизм,терроризмге қарсымыз!» атты отырыс (пати) «Мевлана» мейрамханасында кездесу өтті.

 

Шараның мақсаты: экстремизм мен терроризмнің алдын алу, студенттердің діни сауаттылығын арттыру, діни құндылықтарды түсіндіру;

Аталған шараға «Медицина» колледжінің 15 дін жолында жүрген студенттері мен «Шапағат» ҚҚ-ның теолог мамандары М.Рустамқызы, Қ.Миланбек психолог маманы С.Нұрбекова қатысты.

Психолог маманы С.Нұрбекова өткізіліп жатқан шараның маңыздылығымен  бастап теріс ағымдағы топтардың ең басты ерекшелігі тек бір ғана көзқарас яғни өздерінің пікірінен басқа пікіріді көрмейтінін және қабылдамайтынын түсіндіре келіп  жастарды қалай өз құрықтарына түсіретінін атап өтті.

«Шапағат» ҚҚ-ның  теолог маманы М.Рустамқызы «Ислам және отан қорғау» тақырыбында сөз қозғады. Отырыс үстінде қыздар өздерінің сұрақтарын қойып, белсенділік танытып отырды.

«Шапағат» ҚҚ-ның теолог маманы Қ.Миланбек «Исламдағы қыз әдебі, тәрбиесі» турасында уағыз жүргізді.

Шараға қатысушылар эктремизм терроризмнің салдарын толықтай түсініп, ризашылықтарын білдіріп өтті. Ислам дінінің негізі отанды сүю қажет екенін түсінді. Отанды сүю-ол адал жолмен қаражат табу, адал жолмен отбасын асырау, отбасылық құндылықтар жатады. Қыздар шара соңында өздерінің ізгі тілектерін айтып, серігіп қалғандарын айтты.

 

 

Жоғарыға