maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

«Жәннат» драмалық қойылымы ерлер түзету мекемесінде сахналанды

«Жәннат» драмалық қойылымы  ерлер түзету мекемесінде сахналанды

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындаАтырау облысы Дін істері басқармасының тапсырысы бойынша 2018 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, ҚАЖ департаментіне қарасты  УГ 157/9 ерлер түзету мекемесінде «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру – ұлттық ұлағат үлгісі» шара аясында Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының режиссері Мұқанғали Томановтың «Жәннат» атты драмалық қойылымы сахналанды.

 

Мақсаты:Рухани жаңғыру ұлттық сананың дамуын қалыптастыру, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау, ұлттық мәдениетке деген сый-құрмет көрсетуге баулу, діни сауаттылықты арттыру.

Атаулы шараны «Шапағат» ҚҚ баспасөз қызметшісі Ж.Жұмағалиева ашып, шараны өткізудегі мақсатына тоқталып, жас актерлерге сәттілік тіледі.

Театр – тәрбие мен тағылым ордасы. Түрлі діни ағымдар идеологиясына өнер арқылы қарсы тұруды көздедік. Өйткені, рухы мықты адам ғана сыннан сүрінбейді. Тура жолдан тайып, опық жегендердің жан азабын көрген жұрт бұдан өмірлік сабақ алады деген сенімдемін, – дейді жастар театрының жетекшісі, әрі қойылымдағы ана ролін сәтті ойнап шыққан Гүлнұр Қайырлиева.

Шара соңында Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қ.Көшқалиев жазасын өтеушілерге «Жәннат» атты драмалық қойылымның ерекшелігін ескеріп, дәстүрлі дін мен теріс діннің ара жігін ажырата тұрып, күнделікті қарапайым отбасындағы өзекті мәселелерде мысалға келтіріп өтті. Қоғамда өзекті мәселелердің бірі – дін атын жамылып жүрген жастардың адасуы. Әр жанұяның алтын бесігі, аялы ордасы ол отбасы екендігі даусыз. Қазақта  «Отан отбасынан басталады» деген ғибратты сөз бар. Осы орайда аталмыш драмалық қойылымда берекелі отбасының шырқын бұзған үйдің үлкен баласының теріс ағымға еріп, анасы мен аға-қарындастарына қарсы шыққан көріністері бейнеленеді. Қазіргі жастардың дін ұстануы,  қате түсінік қалыптасқан діндар жастардың арасындағы мәселенің ақ-қарасын ажыратып айтқан Қайролла Дүйсешұлы бұдан әрі исламның тарихы, ислам мен қазақ дәстүрінің сабақтастығы туралы баяндады. Теріс ағымда жүрген тұлғалардың  ата- бабамыздан келген салт- дәстүр мен әдет- ғұрыпты бұрмалап отырғанын, мұның аяғы отбасы құндылықтарын аяқасты етуге әкелетінін түсіндірді. Мемлекет жастардың болашағына алаңдаулы, білімге, оқу практикасына, әлеуметтік жағдайына аса назар аударып, қазірден бастап адасушылық жолдан сақтауда. Сол себептен, заң бұзған жат ағым өкілдеріне мемлекет тарапынан қандай шара қолданылатының,  оның соңы неге апаратынын жеткізді. Ата-анасын, бала-шағасын, елін тастап соқыр түсінікпен Сирияға кетіп жатқан адасқандардың қатарын толықтырмау үшін жастардың бойында діни теріс ағымдардан қорғайтын иммуннитет болу керектігін айтты. Ол үшін жастар туған елінің тарихын, мәдениеті мен салт- дәстүрін және дінді жақсы білуге міндетті.

Сондай-ақ, Қ.Көшқалиев «Шапағат» деструвтик діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы ҚҚ-ның басшылығы мен ұйымдастыруға ат салысқан қызметкерлеріне алғысын білдіріп, қойылым қойған әртістерге мекеме атынан ризашылығын білдірді.

Шынымен де, қызығынан қиыншылығы көп актерлердің жұмысынан біраз мағлұмат алған сотталушылардың алған әсері көзіне алған жастарынан да байқалады. Себебі қойылым барысында отағасынан айырылған жалғыз басты ананың бейнеті мен, теріс діни ағымның жолына түскен тұңғыш ұлы Сағыныштың азабы бейнеленеді.Оның үстіне, ең кіші қарындасын абайсызда көлік қағып, темір арбаға таңылады. Жоқшылық пен тоқшылық көріністері кез келген тұлғаның көңіліене қаяу қалдырмасы анық. Алда осындай қойылымдар тағы да жалғасын табады деген сенімдеміз.

Оқу орындарында білім алып жүрген студенттер өз рольдерін жоғары деңгейде сомдап шықты.Әйелдер түзету мекемесінде өткізілген бұл шара жазасын өтеушілер үшін рухани азық боларлық құнды дүние болды деп білеміз.

 

Жаннат Жұмағалиева


Жоғарыға