maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Қарты бар елдің қазынасы бар

Қарты бар елдің қазынасы бар

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Олардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдары біз үшін орны бөлек. Себебі әрқайсылары облыстың өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі мен еңбектері ерен. 1 қазанды біз жылы және жүрекжарды мереке ретінде атап өтіп, қарттарға деген жылылықты сезінеміз. Аға буындар және бүгінгі ұрпақ қарттардың теңдесі жоқ ерлік істері мен отансүйгіштіктерін мақтан етеді.

Осыған орай Атырау облысы Дін істері басқармасының тапсырысы аясында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының ұйымдастыруымен Қарттар күніне орай «Қарты бар елдің қазынасы бар» атты мерекелік қайырымдылық шарасы өтті.
Шараның мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен қарттарға сый құрмет көрсету, қолдау жасау, мерекелік көңіл күй сыйлу.
Атаулы шараға Атырау облысы Дін істері басқармасы «Ақпараттық талдау орталығы» КММ-нің басшысы М.Құбышев, «Шапағат» ҚҚ директоры М.Турлыбеков, орынбасары А.Айтмағамбетов, психолог С.Нурбекова, теолог маманы А.Уразов, А.Мағазов, қызметкерлер А.Кушкалиев, А.Даулетова қатысып,бар ықыластарымен ат салысты.
Шара барысында қаланың 16 қарт ата-әжейлерге азық-түлік пен бағалы сыйлықтар табысталды. Қазіргі таңда қариялардың әрқайсысының тағдыры әртүрлі. Бірі туған баласынан теперіш көріп, осы мекенге табан тіресе, енді бірі өз еркімен қоныс тепкен. Немере-шөберелерінің ортасында отырмаса да, орталықтағы тағдырластарымен тату-тәтті өмір жүріп жатыр. Алайда осы келеңсіздіктерді діни тұрғыда түсіндіріп, оларға рухани азық сыйлауға асыққан «Шапағат» ҚҚ қызметкерлері қарттардың батасын алып, қарияларға мерекелік кеш сыйлады.
Мерекелік шара барысында қазыналы қарттарға гүл шоқтары ұсынылды. Айта кетерлігі, қарттар күніне орай өткен бұл акция игі істің тек біреуі ғана. Ұйымдастырушылар бұл бағытта әлі де бірқатар бастамаларды қолға алып аудандарда өткізуді жоспарлап отыр.


Жоғарыға