maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Қызды қырық үйден тыю

Қызды қырық үйден тыю

Ертеде дана халқымыз: «Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі», «Шешесі отырып, қызы сөйлегеннен без», «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» демекші, ата-бабаларымыз қыз баланың тәртібі мен тәлім тәрбиесін жоғары бағалап, қыздарды адамгершілікке, ізгілікке, әдептілікке, ар-ұяттылыққа, нысаптылыққа,мәдениеттілікке, тәртіптілікке, еңбекшілдікке, сұлулыққа, сымбаттылыққа баулып отырған. Алайда қазіргі кезде қызды қырық үйден тыю салты жойылып қыздарымыздың тәрбиесі әлсіреп, қоғамда көптеген келеңсіз оқиғалалар орын алуда. Қазақтың «қызды қырық үйден тыю» салтын еске түсіріп,қыздарымыздың бойына қазақтың өзіне тән құндылықтарды сіңірту керек.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 27 қыркүйек күні Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының әлеуметтік тапсырысы аясында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен діндар студент қыздар арасында «Қызды қырық үйден тыю» атты тақырыбында пікірсайыс «Медицина» колледжінде өткізілді.
Мақсаты:Бойжеткен ару қыздарды сырт көзден сақтап, оларды бияздыққа, ибалыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу.
Шараға «Шапағат» ҚҚ теолог мамандары М.Рустамқызы, Қ.Миланбек, А.Нургалиева және медицина колледжінің психологы З.Бектурлина қатысты. Әділқазылар алқаларының мүшелері: «Шапағат» ҚҚ теолог маманы А.Нургалиева мен медицина колледжінің психологы З.Бектурлина қызылық етті.
Пікірсайысқа 11-ге жуық діндар студент қыздарға қатысып, білімдерін шыңдады. Пікірсайыс дебат түрінде болды. «Қазіргі кезде қызды қырық үйден тыю актуальды ма?» деген тақырып қозғалды. Сайысқа қатысушылар екі топқа бөлінді: 1.Жәннат, 2.Болашақ.
Пікірсайыс соңында қыздарға: қыз баласына интернеттің тигізер кері тұстары мен қатар қазіргі кездегі қыздарды не нәрселер қызықтырады деген тақырыптарда қойылым қою берілді. Қыздар қойылымды еркін көрсетіп, бір серігіп қалды.
Шараның қорытындысы бойынша жәннат тобы белсенділік танытып, 1-ші орынға ие болды. Қыздарға диплом табысталып, сыйлықтар берілді. Сайысқа қатысушылар көңілді күймен тарқасып,шексіз алғыстарын білдірді.


Жоғарыға