maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

«Жәннат» драмалық қойылымы әйелдер түзету мекемесінде сахналанды

Ағымдағы жылы қыркүйек айының 20 күні Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындаАтырау облысы Дін істері басқармасының тапсырысы бойынша 2018 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, ҚАЖ департаментіне қарасты  УГ 157/11 әйелдер түзету  мекемесінде «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру – ұлттық ұлағат үлгісі» шара аясында Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының режиссері Мұқанғали Томановтың «Жәннат» атты драмалық қойылымы сахналанды.

 

Мақсаты:Рухани жаңғыру ұлттық сананың дамуын қалыптастыру, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау, ұлттық мәдениетке деген сый-құрмет көрсетуге баулу, діни сауаттылықты арттыру.             

Атаулы шараны «Шапағат» ҚҚ баспасөз қызметшісі Ж.Жұмағалиева ашып, шараны өткізудегі мақсатына тоқталып, жас актерлерге сәттілік тіледі.

– Театр – тәрбие мен тағылым ордасы. Түрлі діни ағымдар идеологиясына өнер арқылы қарсы тұруды көздедік. Өйткені, рухы мықты адам ғана сыннан сүрінбейді. Тура жолдан тайып, опық жегендердің жан азабын көрген жұрт бұдан өмірлік сабақ алады деген сенімдемін, – дейді жастар театрының жетекшісі, әрі қойылымдағы ана ролін сәтті ойнап шыққан Гүлнұр Қайырлиева.

Шара соңында УГ-157/11Әйелдер түзету мекемесі бастығының орынбасары Р.Даулеткалиұлы «Шапағат» деструвтик діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы ҚҚ-ның басшылығы мен ұйымдастыруға ат салысқан қызметкерлеріне алғысын білдіріп, қойылым қойған әртістерге мекеме атынан Алғыс хат және жазасын өтеуші әйелдердің өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарын сыйға тартты.

Шынымен де, қызығынан қиыншылығы көп актерлердің жұмысынан біраз мағлұмат алған сотталушылардың алған әсері көзіне алған жастарынан да байқалады. Себебі қойылым барысында отағасынан айырылған жалғыз басты ананың бейнеті мен, теріс діни ағымның жолына түскен тұңғыш ұлы Сағыныштың азабы бейнеленеді.Оның үстіне, ең кіші қарындасын абайсызда көлік қағып, темір арбаға таңылады. Жоқшылық пен тоқшылық көріністері кез келген тұлғаның көңіліене қаяу қалдырмасы анық. Алда осындай қойылымдар тағы да жалғасын табады деген сенімдеміз.

Оқу орындарында білім алып жүрген студенттер өз рольдерін жоғары деңгейде сомдап шықты.Әйелдер түзету мекемесінде өткізілген бұл шара жазасын өтеушілер үшін рухани азық боларлық құнды дүние болды деп білеміз.

 

«Шапағат» орталығы ҚҚ баспасөз қызметшісі


 

 

Жоғарыға