maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Дін мен дәстүр

Дін мен дәстүр

20 қыркүйек күні Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон кентінде №22 орта мектептің 11 сынып оқушыларымен «Дін мен дәстүр» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесуге «Шапағат» ҚҚ теолог маманы Н.Беков қатысып, теріс діни ағымдардың залалынан сақтанудың жолдарына тоқталып, тәрбиенің мәйегі – дәстүрлі діни бағытымыздың ерекшеліктерін түсіндіріп, қоғамда болып жатқан келеңсіз жағдайлардың себебі халқымыздың теріс ағымдарға қарсы иммунитетінің жоқтығы екендігін айтып жеткізді. Мың жылдан бері ұстанып келе жатқан ата  - бабамыздың дәстүрлі дінін жоққа шығармайық! Ислам діні бейбітшілікті дәріптейтін бірлік діні екендігін ұмытпайық! Дін дегеніміз – ұлы сенім, ғылым анасы. Ал сенім – адамзаттың тірегі. Әрбір ұрпақ келесі өзінен кейінгі ұрпаққа ізетті, игілігі мол жақсы өмір жолын тастап кетуі ләзім екендігін есімізде ұстайық! – деп сөзін аяқтады.

      Шара соңы оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Сондай-ақ, рұқсат берілген діни кітаптармен және дәстүрлі ханафи мәзһабының уағызшылары таныстырылды.

Жоғарыға