maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Ақпараттық түсіндіру тобы «Көлік және коммуникация колледжінде» болды.

Ақпараттық түсіндіру тобы «Көлік және коммуникация колледжінде» болды.

Ағымдағы жылдың 6- қыркүйек күні АТТ мүшелері «Көлік және коммуникация колледжі» студенттерімен «Ұлттық бірегейлік және мәдени құндылықтар» тақырыбында кездесу өткізді.  Шараға Астана қаласынан келген теолог маман Б.Ақжолов және Шапағат қоғамдық қорының маманы, облыстық АТТ мүшесі Е.Абзалов қатынасты.  Шара барысында маман Е.Абзалов студенттерге Қазақстан аумағындағы таралып жатқан діни ағымдар туралы қысқаша мағлұмат беріп, оқушылармен сұрақ-жауап айдарын өткізіп, слайдтар көрсетті. Облыстық АТТ мүшесі Б.Жодасов елімізде орнығып жатқан дәстүрлі емес діни ағымдардың таралу әдістері, көпшіліктің жастардың уақытты теңгерімсіздіктің алдын-алу мақсатындағы ой-пікірімен бөлісті. Сондай-ақ, қазақ мәдениетінің ислам құндылықтарымен ұштасуы, қазақ даласындағы ислам тарихы, ислам дінінен алған қазақ халқының дәстүрлері мен әдеттері жөнінде сөз қозғады.

 

Астана қаласынан арнайы келген теолог маман Б.Ақжолов діни түсінік пен діни тәжірибенің айырмашылығы, мұсылман адамның қоғаммен және отбасымен қарым-қатынасының деңгейі, білім алудың діндегі орны т.б маңызды мәселелерге тоқталды.

Шара соңында студенттер мен ұстаздар сауалдар жолдап, пікірлерін білдіріп отырды.

Жоғарыға