maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Зайырлы мемлекет және дін

Зайырлы мемлекет және дін

Ағымдағы жылдың 6 қыркүйек күні №3 орта мектебі оқушыларымен «Зайырлы мемлекет және дін» тақырыбында кездесу өткізді. Шараға Астана қаласынан арнайы келген теолог Б.Ақжолов облыстық АТТ мүшесі Е.Абзалов қатынасты.

 

Теолог Б.Ақжолов оқушыларға ислам дінінің ерекшеліктері, ата-анаға құрмет, ұстаздардың ислам шариғатында алатын орны, білім алудың әдептілігі мен қоғамдық орындағы мұсылманның ұстанымдары жайлы шағын-шағын тоқтаулар  жасап өтті.

Облыстық АТТ мүшесі Е.Абзалов зайырлы мемлекеттің сипаттары, біздің елімздегі діни көзқарастардың жиынтығы жөнінде, зайырлылықтың қазақстандық моделі жөнінде қысқаша тоқталып өтті. Сондай-ақ, дін тарихы және дін мәдениетімен қоса, деструктивті діни ағымдардың сипаттарын да баяндап, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік жайлы ескертулер айтты.

Шара соңында оқушылар сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Жоғарыға