maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

АТТ мүшелері арнайы оқу орынында

АТТ мүшелері арнайы оқу орынында

Атырау облысы Дін істері басқармасының тапсырысы аясында «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы ҚҚ-ның ұйымдастыруымен ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері 2018 жылдың 13 сәуір күні Атырау индустриалды колледжінде «Болашаққа бағдар: білім және тәрбие» атты тақырыпта кездесу болып өтті.

 

Студенттерге алдымен «Ұлттық қауіпсіздік – ұлы мұрат» атты қысқаметражды журналистік зерттеу көрсетілді. АТТ мүшесі, Шапағат қоғамдық қорының тарихшы маманы Е.Абзалов студенттерге ислам дінінің негізгі міндеттері, мақсаттары, діндегі білім алудың маңыздылығы, діннің талаптарындағы ата-ананың рөлі, қоғамдағы тыныштықты бұзбаудың маңыздылығы жайлы түсінік берді. Ақпараттық-талдау орталығының маманы, АТТ мүшесі Н.Әмірашев жастарға ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарға негіізделген халық құндылығы жайында мағлұмат бөлісті. Шара соңында студенттер АТТ мүшелеріне көкейкесті сауалдарын жолдап, тұшымды жауаптар алды.

«Шапағат» ҚҚ баспасөз қызметі


Жоғарыға