maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Бас мүфтиі Атырау облысына келді

Бас мүфтиі Атырау облысына келді

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Оразаның Атырау облысының жұртшылығымен кездесуі өтті.

Бас мүфти мен облыс әкімінің кездесуі барысында өңірдегі діни ахуалға, елімізде бейбітшілік пен бірлікті қолдауға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.
- Сізді осы қызметке сайлануыңызбен құттықтауға рұқсат етіңіз. Біздің көпконфессиялы елімізде халқымыз бірлік пен ынтымақтастықта өмір сүруде. Бұл Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі. Алдымызда үлкен міндеттер тұр. Сіздің бастамаларыңыз бен іскерлігіңіз көпұлтты елімізде бейбітшілік пен келісімді нығайтуға үлкен үлес қосады деп үміттенеміз, - деді Нұрлан Ноғаев.          - Бүгінгі таңда өңірдегі діни ахуал тұрақты.
Бас мүфти өз сөзінде Маңғыстау облысына сапары және біздің өңірімізге сапары барысында қандай бағдарлама көзделгені туралы әңгімеледі.
Содан соң Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Оразаның облыс жұртшылығымен кездесуі өтті.
- Біз көпұлтты, көпконфессиялы елде тұрамыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп отырған саясат әрбір қазақстандықтың қандай дінді ұстанатынына қарамастан, бейбітшілік пен бірлікте өмір сүруіне мүмкіндік береді. Тұрақтылық – бірлік кепілі. Бұл халқымыздың өз болашағын қалауына жағдай жасайды, - деді Нұрлан Ноғаев. – Бүгінгі күні өңірде төрт конфессияны білдіретін 41 діни бірлестік бар. Біз діни қызметкерлердің қалыпты жұмыс жасауы үшін барлық жағдайларды жасауға тырысамыз.
Бас мүфти Атырау тұрғындарына жылы қабылдағандары үшін ризашылығын білдірді.
- Тұрақтылықты нығайту және қазақстандық қоғамды рухани ағарту имамдардың жұмысының маңызды бөлігі болып табылады, -деп атап  көрсетті ҚМДБ төрағасы.
2017 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының VIIІ құрылтайында жаңа Бас мүфти болып Серікбай қажы Оразаның сайланғанын естеріңізге саламыз.
 
 
 
 
Жоғарыға