maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Ойы жүйрік озар

Ағымдағы жылдың 11-і сәуір күні Атырау облысы Дін істері басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен намазхан әйелдер арасында «Ойы жүйрік озар» атты интеллектуалдық сайыс өткізілді.

 

Шараға Атырау облыстық Дін Істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының басшысы М.Құбышев, «Дүрбі» аймақтық-танымдық газетінің бас редакторы Ұ.Қобашқызы және «Шапағат» ҚҚ теологы М.Омаров қазылық етті.

Сайысқа «Кәусәр» тобы мүшелері Тілеулисова Назгүл,Шопанова Эльмира, «Раяна» тобы Тургалиева Жанаргул, Бекбаева Венера, Каналина Жағамбике  және «Бәрәкәт» тобы мүшелері Бүркітбаева Майра, Тулешова Айнұр қатысты.

Сайыс 5 кезеңнен тұрды. 1-ші «Жүзден жүйрік», суретке қарап қандай мақал екендігін табу, 2-ші «Ұлық имам Әбу Ханифа», Әбу Ханифа өмірінен сұрақтар, 3-ші «Ойлан тап», Фиқһ мәселелері бойынша сұрақтар, 4-ші «Адамзаттың Асыл тәжі», Мұхаммед с.ғ.с өмірінен сұрақтар, 5-ші «Құран жанның шипасы», Қасиетті Құраннан сұрақтар қойылды.

Интеллектуалдық сайыста «Кәусәр» тобы 178 ұпаймен 1-ші, «Раяна» тобы 103 ұпаймен 2-ші және «Бәрәкәт» тобы 53 ұпаймен 3-ші орынға ие болып алғыс хаттармен марапатталып сыйлықтар табыс етілді.

Алдағы уақытта  шараларға белсенді қатыстыру   өз жалғасын табады.

 

 

«Шапағат» орталығы ҚҚ баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

Жоғарыға