maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Жылыой ауданында болды

Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Жылыой ауданында болды

Ағымдағы жылдың 11 сәуір күні Атырау облысы Дін істері басқармасы «Ақпараттық талдау орталығының» қолдауымен «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен облыстық АТТ мүшелері Атырау облысы әкімі Н.А.Ноғаевтың бекіткен жоспарына сәйкес «Қазақстандағы діни ахуал және оның қазіргі жағдайы мен даму үрдісі» тақырыбында жылпы білім беретін Абай атындағы №5 орта мектепте тәрбие сағаты өткізілді. Шарада сөз алған облыстық АТТ мүшесі Е.Абзалов оқушыларға Қазақстан аумағындағы таралып жатқан діни ағымдар туралы қысқаша мағлұмат беріп, оқушылармен сұрақ-жауап айдарын өткізіп, слайдтар көрсетті. Облыстық АТТ мүшесі теолог Б.Жодасов елімізде орнығып жатқан дәстүрлі емес діни ағымдардың таралу әдістері, көпшіліктің жастардың уақытты теңгерімсіздіктің алдын-алу мақсатыедағы ой-пікірімен бөлісті. Және облыстық АТТ – ң Жылыой ауданы бойынша өкілдері ардагер ұстаздар Ү.Кенжина мен М.Исаинова тәрбие сағаты барысында тәлім-тәрбие,  білім алудың маңыздылығы турасында өз пікірлерімен бөлісті. Шара соңында оқушылар дінтанушы мамандарға орамал тағу, мектеп формасы, басшылыққа бағыну мәселелері бойынша сауалдарын жолдап, тұшымды жауаптар алды. 

 

Аталмыш шаралар легі 11 сәуір күні жалпы білім беретін Е.Халықов атындағы №7 орта мектепте жалғасын тапты. Шара барысында дінтанушы маман  Е.Абзалов діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алудың жай-күйі, әлеуметтік желілерде таратылып жатқан дәстүрлі емес діни бағыттар хақында баяндап, арнайы сладйтар көрсетіп, оқушылармен пікір алмасты. АТТ-ң мүшесі теолог Б.Жолдасов білім алдуың маңыздылығы, ел мен мемлекеттің азаматы болудағы аманаттылық, ұстаздардың құрметі жайлы  баяндама оқып, өз ойымен бөлісті. Облыстық АТТ мүшесі ардагер ұстаз Н.Төлеуов «Тәрбие – тал бесіктен» екенін жеткізсе, облыстық АТТ мүшесі ақын Б.Базарбай оқушыларға өркениет пен мәдениеттердің тоғысында ұлт болып сақталып қалудың маңыздылығын ашық айқындап түсіндірді. 

 

                                                    «Шапағат» орталығы ҚҚ баспасөз қызметі


Жоғарыға