maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Дінде жастар жаңылыспауы керек

Дінде жастар жаңылыспауы керек

Ағымдағы жылдың 5 сәуір күні APEC PetroTechnic (АПЕК колледжінде) студенттермен дәстүрлі және теріс діни бағытты түсіндіру мақсатында кездесу өтті.

Жиынға «Шапағат» ҚҚ теологы Н.Жтетпісбай, дітанушы М.Рустамқызы, психолог С.Нурбекова қатысты.

 

                   Дін мәселесі жайында өсіп келе жатқан жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беру мақсатында облыстық ақпараттық-насихат тобының мүшелері Атырау сервис колледжінде студенттермен кездесті.

                   Онда дін мәселесіне қатысты біраз мағлұмат айтылды.  Бұл жөнінде «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының дінтанушысы Н.Жетпісбай баяндады.

                  - Жалпы дін – өте нәзік мәселе. Қазіргі таңда жастарымыз  ғаламтор арқылы белгісіз адамдардың діни лекцияларын тыңдап, сараптамадан өтпеген әдебиеттерді оқып, теріс бағытқа кетіп қалғанын байқамай жатады. Онымен қоймай, имамдарды, ұстаздарын, ата-аналарын тыңдамай, намаз оқымағандары үшін отбасынан безініп, үлкен адасушылыққа ұрынады. Сол үшін ең бірінші бізге діни сауаттылық керек. Дінге қатысты қандайма мәселеде ақпаратты мешіт имамдарынан, тексерілген сайттардан және сараптамадан өткен әдебиеттерден ғана пайдаланғандарың жөн. Бұл кездесудің мақсаты да сол бүгінгі жас буындарымызды сақтандыру, дін мәселесінде аз да болса ақпараттандыру, дұрыс бағыт беру болып табылады. Көлденең келген көк аттының насихатына алданып қалмау үшін, сенім мәселесіне абай болғанымыз жөн, - деп жастарға тағылымды әңгімесімен бөлісті.

                  Кездесуде 35 студент қамтылып қысқаметражды «Ұл» фильмі көрсетілді. Сонымен қатар студенттерге сұрақтар қойылып олар белсенді түрде жауап беріп отырды.

 

«Шапағат» ҚҚ бапасөз қызметі

 

 

Жоғарыға