maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

ӨЗБЕКСТАНДА АРАБ ТІЛІНДЕ АЛҒАШ ҚҰРАН КІТАПТАРЫ БАСЫЛДЫ

ӨЗБЕКСТАНДА АРАБ ТІЛІНДЕ АЛҒАШ ҚҰРАН КІТАПТАРЫ БАСЫЛДЫ

Өзбекстанда 28 наурыз күні республикада тұңғыш рет Мәдина шрифтінде Құран кітаптары сатылымға шықты, деп хабарлайды Azon.uz. Қасиетті кітапты сатып алуға ниеттілер Ташкент қаласындағы «Ҳилол нашр» фирмалық дүкенінде ұзын-сонар кезекке тұрды.

 

Осыған байланысты әр сатып алушыға бір кітаптан алуға ғана рұқсат етілді. Баспахана жалпы саны 50 мың дана Құран кітабын шығаруды жоспарлайды, бірінші кезеңде 10 кітап басылып шықты.

Айта кету керек, бұған дейін республикада араб тіліндегі Құран кітаптары шетелден – Түркия, Сауд Арабиясы мен басқа да елдерден әкелінетін еді. Кеңестік кезеңде және Кәрімов билігі тұсында ұзақ жылдар діни әдебиеттерді басып шығару мен таратуға қатаң бақылау жасалды. 1998 жылы діни мазмұндағы басылымдарды мемлекеттің бекітуін міндеттейтін заң қабылданды. Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі мен күштік құрылымдар діни әдебиеттер сатумен айналысатын кітап дүкендеріне рейдтер жүргізіп, көп жағдайда сауда орындары жабылды.

Жоғарыға