maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Дархан Кәлетаев дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды

Дархан Кәлетаев дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды

 

 

 

Дархан Кәлетаев дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 2016 жылдың қыркүйегінде құрылған болатын. Кәлетаев Дархан Аманұлы1972 жылдың 14 қазанында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін бітірген. Саясаттану ғылымдарының докторы. "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының мүшесі. "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясы саяси кеңесінің мүшесі. 1995-1997 жылдары ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Тілдер комитетінің жетекші маманы, Қазақстан Республикасының ұлттық саясат жөнінде мемлекеттік комитеттің бас маманы, Қазақстан Республикасы Білім және мәдениет министрлігі Тіл саясатын үйлестіру Департаментінің басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2002 жылдың қарашасынан бастап Ішкі саясат бөлімінің жетекшісі. 2003 жылдың шілдесінен бастап Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі. 2004 жылдың сәуірінен бастап ҚР Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі. 2006 жылдың сәуірінен бастап 2007 жылдың қаңтарына дейін ҚР Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі болды. 2007 жылдың қаңтарында ҚР Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болып тағайындалды. 2008 жылдың қазанында "Нұр Отан" ХДП Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болды. 2009 жылдың қарашасынан бастап "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқарма директоры қызметін атқарды. 2013 жылы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ қоғаммен байланыс бойынша бас директор болды. 2016 жылдан бастап Үкімет және байланыспен өзара қарым-қатынас бойынша Басқарма директоры. "Астана" Президенттік кәсіпқой спорт клубының қамқоршылық кеңесінің төрағасы болған. ҚФФ Атқарушы комитетінің мүшесі. 2015 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан велоспорт федерациясының президенті. "Парасат" ордені (2015), "Құрмет" ордені (2005), "Астанаға 10 жыл" мерейтойлық медалі, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" медалімен марапатталған.

 

Нұрлан Ермекбаев Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы  болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметінен босатылсын", - делінген хабарламада.

Нұрлан Ермекбаев 1963 жылы туған. 1986 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің Мәскеудегі Әскери Қызыл ту институтының шығыс тілдері факультетін тәмамдаған. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының экономика факультетін бітірген. Орыс, қытай, ағылшын және португал тілдерін меңгерген. Саяси ғылымдар кандидаты.

1984 жылдан бастап 1985 жылға дейін - Ангола Халық Республикасында қызметтік іссапарда болды. 1986 жылдан бастап 1996 жылға дейін - КСРО Қарулы күштері Бас штабы жүйесіндегі бөлімдерде қызмет етті. 1990 жылдары КСРО ҚК қатарынан босатылған соң сыртқы экономикалық компанияларды басқарған. 1993 жылдан бастап 1995 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Сауда өкілдігінің аға сарапшысы. 1996 жылдан бастап 1997 жылға дейін - Алматы сауда-қаржы банкі басқарма төрағасының кеңесшісі. 1999 жылдан бастап 2001 жылға дейін - "Қазақстанның халық банкі" ААҚ-ның Қытай Халық Республикасындағы өкілдігінің басшысы.

2001 жылдан бастап 2003 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі. 2003 жылдан бастап 2004 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Сингапурдағы уақытша сенімді өкілі (дипмиссия басшысы). 2004 жылдан бастап 2006 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі. 2006 жылдан бастап 2007 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі. 2007 жылдан бастап 2010 жылға дейін - Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары. 2010 жылдан бастап 2012 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі. 2012 жылдан бастап 2013 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы. 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Корея Халықтық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы. 2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін - Президенттің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы. 2016 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалған еді.

"Парасат" (2015), "Құрмет" (2005) ордендерімен, "Оңтүстік Қазақстан облысының игілігіне еңбегі үшін", "Жергілікті жанжалдарға қатысушыға. Ангола" медальдарымен, басқа да бірқатар мерейтойлық медальдармен, "Президенттің алғысы", "Қазақстан темір жолына 110 жыл" төсбелгілерімен марапатталған. Дипломатиялық рангі - Төтенше және Өкілетті Елші. Үйленген, екі баласы бар.

 

 

 

Жоғарыға