maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Екпе алудың маңыздылығы

Екпе алудың маңыздылығы

     Ағымдағы жылдың 2 сәуір күні сағат 10:00 - де "Дін саласындағы сұрақтар бойынша сауаттылығын арттыруға, теріс діни идеологияның алдын алуға, дәстүрлі құндылықтарды насихаттауға және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру топтарының 2018 жылдың I жарты жылдық жұмыс жоспарына" сәйкес орталық емхананың мәжіліс залында емхана қызметкерлерімен "Екпе алудың маңыздылығы" атты кездесу өтті.

     Кездесуді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Махмутов ашып, арнайы шақыртылған теолог мамандармен таныстырып, қазіргі уақытта ауданымызда екпе алмай отырған тұрғындардың саны күн сайын көбейіп келе жатырғаны жөнінде айтылды.

     Тұрғындармен түсінік жұмыстарын жиірек өткізіп, вакцинаның құрамымен таныстыру қажет. Аталған кездесуде "Ақпараттық талдау орталығының" бөлім басшысы А.Қабижан, "Шапағат деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының" теологы М.Омаров, Н.Жетпісбай, тарихшы маманы Е.Абзалов және "Зинеден Құрасұлы" мешітінің бас имамы Б.Ағыбаев өз пікірлерін білдіріп, дәйекті мысалдарын түсіндірді.

Жоғарыға