maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

«Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары»

«Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары»

         Ағымдағы жылдың 2 сәуір күні "Дін саласындағы сұрақтар бойынша сауаттылығын арттыруға, бағытталған ақпараттық-түсіндіру топтарының  2018 жылдың I жартыжылдық жұмыс жоспарына" сәйкес аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудандық білім бөлімі, аудандық мектеп директорлары, оқу ісінің тәрбие жөніндегі орынбасарлары, дінтану, дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері, психолог мамандары, жоғарғы сынып жетекшілерінің қатысуымен «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары» атты кездесу өтті. Кездесуді ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Махмутов ашып, қатысып отырған қонақтармен таныстырып, мобильдік топтың ауданымызға келудегі мақсатымен таныстырды.

 

         Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының теологы М.Омаров қазіргі қоғаммен діннің байланысын қарапайым тілмен тамаша түсіндіріп, мысалдарын келтіріп өтті.

       «Ақпараттық талдау орталығының» бөлім басшысы А.Қабижан дін саласындағы заңға өзгерістер енгізілуде екендігін, сондай-ақ, заңның кейбір нормаларын түсіндірді. Шетелге кеткен жастардың шет елдің діни әдет-ғұрыптары мен менталитетін әкелуде екендігін, осы жолдарды болдырмау үшін қазіргі уақытта Дін істері басқармасының жолдамасымен ғана шет елдерге оқуға жіберілетін болады.

«Кездесу соңында Д.Зналиевтің өмірі жөнінде журналистік зерттеу бейнефильмі көрсетіліп, жеке кездесу арқылы сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

Жоғарыға