maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

ҚР Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында республикалық ақпараттық топтың мүшесі ҚР Дін істері және аз

ҚР Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында республикалық ақпараттық топтың мүшесі ҚР Дін істері және аз

жылғы 23 ақпандаОблыстық прокуратураның конференц-залында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Е.Оңғарбаев облыстық Терроризмге қарсы комиссия өкілдерімен, сондай-ақ, облыстық прокуратура, Ішкі істер департаментінің Экстремизмге қарсы күрес басқармасы, Жергілікті полиция қызметі, облыстық Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы, Дін істері басқармасы және оған қарасты «Ақпараттық талдау орталығы» КММ қызметкерлерімен кездесті.

 

Е.Оңғарбаев Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін жан жақты түсіндіру мақсатында баяндама жасады.

Ол өз сөзінде, «Президент өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бар екендігін нық сеніммен атап, осы мақсатта жұмыла шешілетін міндеттерді көрсетті.

Жолдау – жаңа мақсаттарға жетелейтін басты құжат және осы Жолдауды біз ықыласпен қабылдаймыз, оның міндеттерін жүзеге асыруда күшіміз бен үлесімізді қосамыз.

Сонымен қатар, Төрағадін саласындағы өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп жатырған заң жобасының кейбір мәселелеріне тоқталып, тереңірек түсіндіріп өтті.

Кездесу барысында әлеуметтік желілердегі діни экстремизм мен терорризмді, сондай-ақ басқа да дәстүрлі емес бағыттағы уағыз-насихаттарға тыйым салу жөнінде шаралар жүргізіліп жатырғаны айтылды.

Кездесу соңында Төраға қатысушылар тарапынан қойылған бірнеше сұрақтарға жауап берді.

Сол күні,Төрағаның іс-сапар аясындағы кездесулері Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының конференц-залында жалғасын тапты.

Бұл дөңгелек үстелге Басқарманың «Ақпараттық-талдау орталығы» КММ-нің ұжымы, ҚМДБ-ның Атырау облысындағы филиалының имамдары, православиелік «Орал Епархиясының Успен соборының приходы» және рим–католиктік «Атырау апостол әкімшілігінің» басшылары, дін саласында қызмет етіп жүрген «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа жеккендерге көмек орталығы», «4Билік» атыраулық журналистер одағы», «Азамат», «Аруна-Жайық» үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері және бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

Төрағаның түсіндіру жұмысынан кейін, қатысушылардың сұрақтарына толыққанды жауап берілді.

Сонымен бірге, Төраға Атырау облысы Дін істері басқармасы және Басқарма жанындағы Ақпараттық-талдау орталығының ұжымымен кездесті.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын талқыға салып, болашақта жасалатын жоспарлы міндеттермен, қызметте кездесетін проблемалық мәселелермен бөлісті.

Жоғарыға