maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Бүгінгі қазақстандағы дін мен мəдениеттің біртұтастығы

Бүгінгі қазақстандағы дін мен мəдениеттің біртұтастығы

Расындада бүгінгі күні дінге деген адамдардың көзқарасының сенімдерінің өзіндік ерекшелігі байқалады. Діннің жағдайы бүгінгі күнгі əрбір адамға таныс. Адамзат ерте заманнан бері ата-бабаларымыз өмір сүріп келе жатыр, сол заманнан бері адамдар өз өмір сүріп отырған ортасына қарай дінге əр түрлі пікірлер айтып келеді. Діннің құдіреттілігі — ол адамның өзін осы дүниеге əкелген жаратушысын тану, өзін-өзі тану.

Осы орайда, ағымдағы жылдың 13 ақпан күні Атырау медицина колледжінде  студенттермен дәстүрлі және теріс діни бағытты түсіндіру мақсатында кездесу болып өтті.

Кездесуге «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы ҚҚ ақпараттық талдау бөлімінің басшысы Ж.Жұмағалиева, дінтанушы мамандары М.Омаров, Н.Жетпісбай және М.Рустамқызы қатысып өткізді. Кездесуде 60 студент қамтылды.

 Кездесуде қазіргі таңда қоғамда діни алауыздық тудырып жүрген салафи ағымының қоғамға, сондай-ақ, жастарға тигізетін кері салдары және де уахаббизм-саляфизмнің шығу тарихы  және олардың уағызшылары туралы, сонымен қатар, теріс бағыттағыларды ажырата білудің негізгі белгілері туралы ақпарат берілді .

Сонымен қатар қазіргі қоғамда белең алып жатқан екпе салдырмау, ерте жүктілік, қара жамылу сынды өзекті мәселелер қозғалып, мысалдар келтіріліп және ондай жағдайлардан сақтануға шықырылды.

     Студенттер бүгінгі кездесуде өздеріне керекті ақпарат ала-алғандықтарын айтты. Кездесуде белсенділік білдіріп, өздерін еркін еркін ұстады.

 

 

«Шапағат» ҚҚ баспасөз қызметі


Жоғарыға