maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Азан айтудан жарыс өтті

Азан айтудан жарыс өтті

жылдың 30 қаңтар күні Атырау қалалық Дина сауда үйінің  намазхан жамағаттары арасында  Илам дінінің неізгі болған «Азан айтудан» жарыс ұйымдастырылды.

        «Азан» сөзі араб тілінен тікелей аударғанда - «хабар беру», «білдіру» дегенді білдіреді. Ал терминдік мағынасы парыз намаздарының уақыттарын білдіру үшін айтылатын сөздердің жиынтығы. Жалпы Ислам тарихында алғашқы азанды Медине қаласында хазірет Біләл айтқан.  Азан - барша мұсылманды бес уақыт намазға шақыратын діни аса ізгі амал. Азанның өзіндік шығу тарихы мен дінімізде алар орны бар. Кезінде асыл дініміз қанат жая бастаған дәуірде мұсылмандарды құлшылыққа шақыратын бір белгі, әдістің қажеттілігі туындады.

       Азан мағынасы жағынан намазға және исламға шақыру. Өйткені, оның ішінде ақиданың үш негізі қамтылған. Алланың барлығы, бірлігі, Мұхаммедтің (с.ғ.с.) пайғамбарлығы. Шынайы ықыласпен азан шақырғандар қиямет күні басқа адамдардан биік болып тұратыны хадистерде айтылған. Неліктен? Өйткені, азаншы бізге күніне бес мезгіл намаз уақытының кіргенін хабарлап, ғибадатымызды өз уақытында орындауға үндейді. Алланың бірлігіне, барлығына, Мұхаммедтің (с.ғ.с.) Алланың елшісі екендігіне куәлік етуге, өз уақытында намазға жығылуға, мәңгілік жан рахаты мен екі дүние бақытына бөленуге шақырады. Алайда, біз осы үні ел жүрегін елжіретіп, естіген жанды елең еткізетін мағынасы ғибратқа толы азанға қалай жауап беріп жүрміз? Ардақты Алла елшісі (с.ғ.с.) Біләлға: «Арихна иә, Биләл!», «Уа, Біләл! Азан шақырып бір сейілтші»,- деген болатын. Демек, намаз ғибадаты арқылы рахатқа бөлену үшін азан айтуын сұрады. Ендеше, біз де қапы қалмайық! Азанның негізгі міндеті - намазға шақыру болса, құлшылығын құлшынып сол мезетте орындаған адам азанға ең биік дәрежеде жауап берген бақытты адам болмақ.

       Жарыста төрелік еткен «Шапағат» ҚҚ теологы Омаров Мұхиддин Асқарұлы қатысушы 10 жамағатты саралап, жүлделі орындарын құттықтау Грамота мен Алғыс хаттармен марапаттап, діни кітаптарды табыстады.

Азан жарысын өткізудегі мақсат жамағаттар арасын біріктіру, діндегі білімге деген, мешіттің тыныштығына деген көзқарастарын жақсарту

      «Дина» сауда үйінің мешіт имамы мен жамағат өткізіліп жатқан іс-шараға дән ризашылдығын білдіріп, адағы уақытта осы сынды жарыстар өткізіліп тұрса екен деп ұсыныстар айтты.

 

«Шапағат» ҚҚ баспасөз қызметі

 

Жоғарыға