maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Тәуелсіздік – Ел Бақыты

Тәуелсіздік – Ел Бақыты

Ағымдағы жылдың 14-ші желтоқсан күні, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Шапағат» ҚҚ ұйымдастыруымен Атырау облысы балалар денсаулығын қалпына келтіру орталығында «Тәуелсіздік – Ел Бақыты» атты балалар сурет көрмесі ұйымдастырылды. Шараға Балалар денсаулығын қалпына келтіру орталығынан балалары, ата-аналарымен және намазхан ата-аналардың балалары қатысты.

          Шараның негізгі мақсаты: Тәуелсіз еліміздің  құндылықтарын кеңінен түсіндіріп,  өнерге, елге, жерге деген патроиттық сезімдерін дамыту.

          Өнерді ғылыммен салыстырғанда адамға берер пайдасы түсіндірілді: ғылым деректерді іздеп, табиғат және қоғам заңдарының сырына үңіледі. Өнер адамдар мен оқиғалар туралы ұғым, айқын картина жасай отырып, ғылым сияқты біздің дүние тануымызға көмектеседі. Бірақ, бұл үшін басқа құралдарды пайдаланады. Сол құралдардың бірі – қағаз бетінде бояулармен дүние танымдарын бейнелеу. 

         Сонымен қатар, екі орталықтың балалары ата-аналарымен қағаз бетінде Тәуелсіздікке байланысты ұранды сөздері бар, қағаз бетінде алдын ала қағаз бетінде контурмен салынған суретті бояп шығу жарысы болды.

«Тәуелсіздік - нығмет» атты тақырыпта теолог маманы С. Еншінбай сөз сөйледі.

Құттықтау сөзін  Балалар денсаулығын қалпына келтіру орталығының директоры Б. Жұмалиева айтты.

Ш.Сариев атындағы Өнер музейінің өнертанушысы А.Сейсебаева жақсы ой-пікірлер айтып қорытынды жасады.

Көрме байқауынан 1-ші  орынды Хабидулла Асия, 2-ші орынды  Алипкалиева Хадиджа, ал  3-ші орынды Сатур Абдуль-Азиз иеленді.

Команда бойынша сурет салу жарысы бойынша 1 орынды Қыдырбай Ерсұлтан, екінші орынды Хабидулла Асия, ал үшінші орынды Асхатұлы Абдуллах алды.

Балалар көрмесіне қатысқан ата-аналар  өз ризашылықтарын білдіріп,өлең жолдарын айтып, алғыстарын, мерекелік тілектерін айтып қуаныштарын білдірді. Мерекелік шара жоғары деңгейде өтті.

«Шапағат» ҚҚ баспасөз қызметі


Жоғарыға