maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Әйелдер түрмесіндегі Рухани сұхбат

Әйелдер  түрмесіндегі  Рухани сұхбат

Ағымдағы жылдың 13 желтоқсан күні «Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Атырау облысы Дін Істері басқармасының тапсырысы бойынша 2017 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, ҚАЖ департаментіне қарасты УГ157/11 мекемесінде «Рухани жаңғыру-ұлттық ұлағат үлгісі» шара аясында Рухани сұхбат өткізілді.

Шараға жазасын өтеуші 35 азаматша, сонымен қатар Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі бас инспектор, комиссия хатшысы Жалмурзина Замзагүл Хиданқызы және «Шапағат» психологы С.Нұрбекова, теолог Н.Жетпісбай сондай-ақ әлеуметтанушы маман Қ.Омаркулова қатысты.

С.Нұрбекова бала тәрбиесіндегі әйелдің қаншалықты маңыздылығы турасында айтса, әлеуметтанушы Қ.Омаркулова ұлы  Амандықов Қуатжанның (УГ 157/9 Ерлер түзету мекемесінде 256 бап бойынша жазасын өтеуде) білімсіз болғандықтан және ұстаздарының ықпалымен теріс бағытқа түсіп , қазір өкініште жүргендігі турасында әңгіме қозғады. Теолог Н.Жетпісбай әйел адамның ислам дініндегі мәртебесі туралы айтса, Замзагүл Хиданқызы қоғамдағы әйел адам турасында әңгіме өрбітті.

  Жазасын өтеуші Сайдыбекова Гүлмира да өз ойын білдіріп балаларына мешітке баруға тыйым сағандығын және тек жаратушыны таныса сол жеткілікті екендігін айтты. Орамал тағу, намаз оқу не болмаса өзі бір бұрышта отырып қонаққа бармай ешкіммен араласпай, өмірдің қызығын көрмей жүру бұл өз өмірін қызықты нәрселерден тыйыу деп түсіндірді.Бірақ теолог Н.Жетпісбай Ислам дінідегі парыз еткен нәрселерді орындау міндетті екендігін, сонымен қатар ислам діні бір бұрышта отырып ешкіммен араласпауға емес керісінше жан-жақты болып, туысқандармен, ата-анамен, көршімен жақсы қарым-қатынаста болуға шақыратындығын айтты. Және дін атын жамылғандардың тіпті дін ұстанған адамдардың дінді қиындатып, өз бетінше түсініп жүргенердің, қоғамда бүлік шығарып ислам дініне кір келтіріп жатқандығы қашанда жүректі қынжылтатындығын тілге тиек етті.

Кездесу  ашық сұхбат ретінде өткізілді. Шара соңы жақсы тілектер мен, алда келе жатқан Тәуелсіздік мерекесінің құттықтауларына ұласты.

 

 

«Шапағат» ҚҚ баспасөз қызметі


Жоғарыға