maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Әйелдер түрмесінде нәзік жандылар спорт жарысынан бақ сынады

Әйелдер түрмесінде нәзік жандылар спорт жарысынан бақ сынады

 Әлемдік мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік ойын, логикалық ойлау өнерлердің бірі – «тоғызқұмалақ» ойыны. Жаза басып, опық жеген сотталушылар да салауатты өмір салтын қалыптастыруды қолдайды. Қаламыздағы ҚАЖ департаментіне қарасты  УГ 157/11 әйелдер түзету мекемесінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Атырау облысы Дін істері басқармасының тапсырысы бойынша 2017 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру – ұлттық ұлағат үлгісі» шара аясында «Тоғызқұмалақ және дойбы» ойынын өткізді.

 

 Мақсаты – дәстүрлі құндылықтарды насихаттай отырып, Тәуелсіз еліміздің құндылықтарын кеңінен түсіндіріп, жазасын өтеушілердің моральдық рухын көтеріп, ұлттық спортқа деген қызығушылығын, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру.

 Атаулы шараны 157/11 Әйелдер  түзету мекемесінің басшысының орынбасары, әділет-капитаны Ж.Ж Ғарифоллаұлы  жазасын өтеушілерге шараны өткізудің бағыты мен мақсатын атап, қатысушы өкілдермен таныстырып өтті. Шараға «Шапағат» ҚҚ директоры М.Турлыбеков, Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының  басшысы М.Құбышев, теолог Б.Жолдасов, баспасөз қызметшісі Ж.Жұмағалиева, социолог Қ.Омарқұлова және психолог С.Нұрбекова  қатысты.

 Атырау қалалық №1 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің аға жаттықтырушысы Әшетов Құрманбай Мұхтасарұлы  тоғызқұмалақ ойынының шартымен таныстырды. Тоғызқұмалақ ойынының жаттықтырушылары Сүлейменова Айнагүл мен Қадірәлиева Жаңылсын, дойбыдан Усенов Еркін ойынға төрелік етті.

 Шара соңында «Шапағат» ҚҚ теологы Б.Жолдасов «Исламдағы отбасы аманаты» тақырыбында уағыз жүргізді. Ол: Отбасының мемлекетті құраушы фактор екені белгілі. Кемеңгер бабаларымыз  «Әйел-бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербетеді» дейді. Халқымыз «ақ неке», «адал неке», «адал жар» деген ұғымдармен отбасының, некенің қасиеттілігін ардақтап келеді. Отбасы шағын мемлекет болғандықтан қоғамда отбасын құру, оны сақтау мәселесі өзектілігін ешқашан жоймақ емес. Қазіргі кездегі кейбір жастардың отбасын құрып, оны сақтау мәселесіне атүсті қарап, тіпті оны ойыншыққа айналдырып бара жатқаны көңіл қынжылтарлық жағдай болып отыр. Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Неке ер мен әйелдің өз еріктерімен өмір бойы бірге өмір сүруін қамтамасыз ететін, бірін екіншісіне адал ететін материалдық-рухани байланыс. Cондықтан, маңдайға жазылған қателікпен ұрынған тағдырға салғырт қарамай, оны жеңудің жолын іздеп, тез арада ата-анаға, сүйікті жарыңа, ұл-қызыңа, аға-әпкелеріңе оралуға асығыңыздар, - деп сөзін қорытындылады.

 Аталған шараға 60 сотталушы әйел қатысты. 30 әйел дойбы ойынына қатысса, 30 әйел тоғызқұмалық ойынынына қатысты.

 

                                                                                       Шапағат ҚҚ баспасөз қызметшісі

 


 

 

 

Жоғарыға