maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

«Баянды бақ» түрмеде сахналанды

«Баянды бақ»  түрмеде сахналанды

Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрында жазушы Мәлік Отарбаевтың тұңғыш пьесасы – «Баянды бақ» сахналанып, жазасын өтеушілер мен УГ 157/9 мекеме қызметкерлерінің жүрегіне жол тартты.

 

        Ағымдағы жылы қараша айының 28 күні Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындаАтырау облысы Дін істері басқармасының тапсырысы бойынша 2017 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, ҚАЖ департаментіне қарасты  УГ 157/9 мекемесінде Атырау облысы Дін істері басқармасының тапсырысы аясында 2017 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің қолдауымен, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру – ұлттық ұлағат үлгісі» шара аясында Атырау облыстық драма театр әктерлерінің «Баянды бақ» қойылымын өткізді.

Мақсаты:Рухани жаңғыру ұлттық сананың дамуын қалыптастыру, төл тарихымызды, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау, ұлттық мәдениетке деген сый-құрмет көрсетуге баулу, діни сауаттылықты арттыру.

                      Атаулы шараны 157/9 ерлер түзету мекемесінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әділет-майоры Искужин Сүлеймен Омарұлы жазасын өтеушілерге шараны өткізудің бағыты мен мақсатын атап, қатысушы өкілдермен таныстырып өтті. Шараға «Шапағат» ҚҚ директоры М.Турлыбеков, теолог Б.Жолдасов, баспасөз қызметшісі Ж.Жұмағалиева қатысты.

                     «Шапағат» ҚҚ баспасөз қызметшісі Ж.Жұмағалиева өз кезегінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында алдағы уақытта Н.Жантөрин атындағы филармониясының фальклорлық аспаптық сахналық қойылымы, ұлттық спорт шаралары өткізілетіндігін атап өтті. Ол:Жаңғырудың маңыздылығы мемлекет пен ұлттың саналы түрде жаһандық үрдістерге бейімделуіне септігін тигізетіндігіне сенім білдіреміз. Елбасымыздың рухани жаңғыруының әрбір тармақтарының өзектілігіне мән бере отырып, алға басатын қадамымызды үш ойлап, бір басуымыз­ды ұмытпайық, - деп жазасын өтеушілерге сабырлылық тілеп, болашақта қателіктерге ұрынбау керектігін жеткізді.

          Пьеса болған оқиға негізінде жазылған және оқиғалар бір адамның тағдырына бай­ланысты. Атыраулық труппа қойы­лымды қазақ-түрік тілінде қойды. Ахыска (грузинше Месхетия) жерінің тумасы Жасминнің тағдыры туралы баяндалады.

         Қойылым соңында шығарма бас режиссері Томанов Мұқан 1 сағат 40 ми­нутқа созылған қойылым жайында шығу тарихын баяндап, көрермендермен пікір алмасып, әртістерге алғысын білдірді.

         Шара соңында «Шапағат» ҚҚ теологы Б.Жолдасов «Исламдағы отбасы аманаты» тақырыбында уағыз жүргізді. Ол: Отбасының мемлекетті құраушы фактор екені белгілі. Кемеңгер бабаларымыз «Отан отбасынан басталады» дейді. Халқымыз «ақ неке», «адал неке», «адал жар» деген ұғымдармен отбасының, некенің қасиеттілігін ардақтап келеді. Отбасы шағын мемлекет болғандықтан қоғамда отбасын құру, оны сақтау мәселесі өзектілігін ешқашан жоймақ емес. Қазіргі кездегі кейбір жастардың отбасын құрып, оны сақтау мәселесіне атүсті қарап, тіпті оны ойыншыққа айналдырып бара жатқаны көңіл қынжылтарлық жағдай болып отыр. Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Неке ер мен әйелдің өз еріктерімен өмір бойы бірге өмір сүруін қамтамасыз ететін, бірін екіншісіне адал ететін материалдық-рухани байланыс. Cондықтан, маңдайға жазылған қателікпен ұрынған тағдырға салғырт қарамай, оны жеңудің жолын іздеп, тез арада ата-анаға, сүйікті жарыңа, ұл-қызыңа, аға-әпкелеріңе оралуға асығыңыздар, - деп сөзін қорытындылады.

      Шынымен де, қызығынан қиыншылығы көп актерлердің жұмысынан біраз мағлұмат алған сотталушылар және олардың ата-ана, туысқандарының алған әсері көзіне алған жастарынан да байқалады. Себебі қойылым барысында соғыс бейнесі, өліні жерлеу, тіріні қорлау, жоқшылық пен тоқшылық көріністері кез келген тұлғаның көңіліене қаяу қалдырмасы анық. Алда осындай қойылымдар тағы да жалғасын табады деген сенімдеміз.

       Ерлер түзету мекемесінде өткізілген бұл шара жазасын өтеушілер үшін рухани азық боларлық құнды дүние болды деп білеміз.

 

«Шапағат» орталығы ҚҚ баспасөз қызметшісі


Жоғарыға