maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Дін бірлігі – мемлекет тұтастығы

Дін бірлігі – мемлекет тұтастығы

Ағымдағы жылдың 27 қараша күні Атырау облысы Білім беру басқармасының Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының ұйымдастыруымен И.Тайманов атындағы                №27 орта мектебінде «Дін бірлігі – мемлекет тұтастығы» атты кездесу өтті.

 

Кездесуге «Шапағат» орталығы ҚҚ –ның директордың орынбасары А.Айтмагамбетов және теолог маманы М.Әбішев, сонымен қатар И.Тайманов атындағы №27 орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мукашева Гулфани қатысты.

И.Тайманов атындағы №27 орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мукашева Гулфани жиналған оқушыларға кездесуді ұйымдастырудағы мақсаты мен маңызына тоқталып, қатысушы өкілдермен таныстырып өтті.

          «Шапағат» орталығы ҚҚ-ның теологы М.Әбішев қазіргі заманғы ислам және діни сауаттылықты арттыру мәселесі туралы бастады. Ислам- адамның бойындағы тамаша адами қасиеттерді қамтитын ерекше дін. Оның негізі бүкіл адамзаттың рух және дене тұрғысынан жетілуін, қоғамда өмір сүрудің қағидасын қалыптастырып дүниеде мәнді және маңызды болуды мақсат етеді. Ислам жеке тұлға мен қоғамның жамандықтардан арылып, бейбітшілік пен тыныштықты сақтайтын өмірді ұсынады. Ойлауды, жаңа бағыттағы ізденістерді, әдептілік пен имандылыққа үйренуді, жалпы адам баласының бір-бірімен береке-бірлік пен ынтымақтықта өмір сүруін бұйрады. Осының барлығын орындау барысында жастарымыздың әрқайсысының ақыл мен ғылымға сүйенуін меңзейді.

Қазіргі уақытта, адами қасиеттердің негізін қалыптастыра алатын құдіретті ислам дінімізді сыртқы саяси күштер өзімізге құбыжық етіп көрсеткісі келеді. Ислам атын жамылып, ел арасында ірткі салып, тыныштық пен береке, бірлігімізге нұқсан келтіріп жүрген еліміздегі жастарымыздың санасына кері әсерін тигізетін ағымдардың бар екенін айтып, ағымдар елдің тұрақтылығы мен бірлігін, тұтастығын бұзуды және елімізде көптеген идеологиялық, ұлтаралық келіспеушілік пен тұрақсыздыққа әсер еткісі келеді. Сондықтан да бүгінгі кездесуіміздің басты міндеті- жастарымыздың діни сауаттылығын арттыру,сөйтіп кертартпарлық діни ағымдарға тосқауыл жасай білетін, білімді, сауатты, саналы жас мамандарды тәрбиелеу екендігін ерекше тоқталды.

Сонымен қатар теолог М.Әбішев оқушыларға елімізде тіркелмеген, заңмен тыйым салынған діни ағымдар туралы, олардың қоғам үшін қауіптілігі жөнінде кеңінен әңгіме өткізіп, кереғар ағымдардың мемлекетіміздің тұтастығына, халқымыздың ғасырлардан қалыптасқан ұлттық таным-түсінігіне, қоғамға қалай әсер ететіні туралы ақпараттарды слайд арқылы «Салафит, такфир, сурурит, хададия» ағым туралы ақпарат берді.

          Жиын соңы оқушылар теологтарға сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Шараға 102 оқушы қатысты.

Жоғарыға