maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Ата-ананы сыйлау – өмірлік парызың

Ата-ананы сыйлау – өмірлік парызың

Ағымдағы жылдың 24 қараша күні Атырау облысы Білім беру басқармасының Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының ұйымдастыруымен Атырау қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінде «Ата-ананы сыйлау – өмірлік парызың» атты кездесу өтті.

 

          Кездесуге «Шапағат» орталығы ҚҚ –ның теолог маманы М.Әбішев қатысты.

         Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сисенгалиева жиналған оқушыларға кездесуді ұйымдастырудағы мақсаты мен маңызына тоқталып, қатысушы өкілдермен  таныстырып өтті.

          «Шапағат» орталығы ҚҚ-ның теологы М.Әбішев жиналған қатысушыларға тақырып аясында баяндама жасап, оларды ата-ананы сыйлау өмірлік парызың, оларды сыйлау керектігін, қазіргі уақытта дәстүрлі емес діни ағымдардың жетіген кеткен азаматтар ата-аналарын зар жылатып жүргендердер аз емес екендігін тілге тиек етті. Нақтырақ әке, ана – өмірдің мәні де сәні де осылар. Ата-ана өміріміздің шамшырағы, отбасының негізгі дінгегі,  дәнекері.

Дін мұсылман жолында әкені құрметтеу-айырықша парыз. «Әкеге бағыну – Аллаға бағыну. Оның алдында күнәһар болу», – дейді Пайғамбарымыз. Әсіресе тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық жоқ. Сол бүгінгі кездесудің басты мақсаты оқушыларға ата - ананы құрметтеу үлкен парыз екенін дәлелдеу. Ата - ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата - ананың қадірі ерекше әспеттелген. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды. Кейбір жат діни ағымда жүрген азаматтар ата-ананың қадірін түсінбей, олардың пісірген асын ішпей, бөлектенуде. Дәстүрлі емес діни ағымдардан сақ болуға шақырамыз, олардан аулақ болыңдар. Қазіргі таңда елімізде халықтың әсіресе, жастардың рухани-танымдық тәрбиесін, діни сауаттылығын арттыру маңыздылығы көпшіліктің аузында жүр. Қоғамның діни өмірінің тенденцияларын, діни ахуалды ескере отырып, оны жастарға жеткізіп отыру қажет. Кез-келген мемлекеттің жарқын болашағы мен кемелденуі осы жастардың болмысы мен санасына, мәдени дамуына, білім мен тәжірибе деңгейіне байланысты болады. Сондықтан жастардың заманға сай діни білім деңгейлерін арттырып, дәстүрлі құндылықтарды сақтау, ата бабамыз отбасын, ата-анасын құрметеудің бүгінгі күннің басты мәселесі екендігін жеткзді.

           Жиын соңында оқушылар теологтарға көкейдегі сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Шараға 50 адам қатысты.

 

 «Шапағат» орталығының баспасөз қызметі.


 

Жоғарыға