maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Діни сауаттылықты арттыру бүгінгі күннің басты талабы

Діни сауаттылықты арттыру бүгінгі күннің басты талабы

Ағымдағы жылдың 22 қараша күні Атырау облысы Білім беру басқармасының Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының ұйымдастыруымен Д.Байбосынова атындағы              №13 орта мектебінде «Дін – зайырлы мемлекеттің тұтастығы» атты кездесу өтті.

 

Жиында «Шапағат» орталығының теологы М.Әбішев Дін мемлекеттен бейтарап саналғанымен, дін мемлекеттің тіректерінің бірі – рухани тірегі болып қала бермек. Бүгінгі таңда еліміздің ішінде оңды-солды тіркеліп, діни үгіт-насихат жұмыстарын екпіндете жүргізіп жатқан әртүрлі діни бағыттағы бірлестіктер мен көптеген жат миссионерлердің істері – халқымыздың, ұлтымыздың келешек болмысына, ата дініміздің бекіп өркендеуіне деген алаңдатушылығын туғызып отыр.

Қазіргі қоғамдағы «салафилердің» барлық іс әрекеттері қоғам қауіпсіздігіне кері әсерін тигізіп отыр. Ал миссионерлік ошақтары жік шығарғалы қашан. Зайырлылық мемлекеттің демократиялық, ұстанымдарға негізделуін білдіреді. Зайырлылық әсіресе Батыстағыдай католик әлеміндегідей дін мен мемлекеттің емес, дін  мен шіркеудің өзара ажырауын білдіреді.

Дінің атын жамылып, бүлдіргіштер көбейді. Кейбір адасқан жастар экстремизм құрағына түсіп, жауапқа тартылып жатқан азаматтарда жеткілікті. шектен шыққан  көзқарастар мен іс-әрекеттер етушілерде өз көз қарастарында көрсетті. Жалпы Экстремистік діндарлық діни өшпенділікті, алауыздықты, зорлық-зом­былықты қоздыратын көзқарас. Ол адамдардың қауіпсіздігіне, өміріне, денсаулығына, таза дін жолын ұстануына, жеке бостандығына қауіп төндіреді. Экстремизмнің шығуының басты негізінің бірі діни сауатсыздық екендігін жеткізіп, оқушыларға слайд арқылы «Салафит, такфир, сурурит, хададия» ағым туралы ақпарат берді.

           Кездесу соңы оқушылар теологтарға көкейдегі сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Шараға 50 адам қатысты.

 

 «Шапағат» орталығының баспасөз қызметі


Жоғарыға