maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Дін – зайырлы мемлекеттің рухани тірегі

Дін – зайырлы мемлекеттің рухани тірегі

Жуырда  Атырау облысы Білім беру басқармасының Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін №25 Б.Момышұлы атындағы мектебінде «Дін – зайырлы мемлекеттің рухани тірегі» атты кездесу өтті.

  Кездесуге  «Шапағат» орталығы ҚҚ –ның теолог мамандары М.Әбішев және М.Омаров, сонымен қатар №25 Б.Момышұлы мектебінің директоры Ш.Қ.Жұпқалиев, психологтары А.И.Нурмуханова, К.М.Шокешова, Г.Т.Жумагалиева, мектеп инспекторы А.Мунтиева қатысты.

          Шынар Құттығалиқызы «Дін – зайырлы мемлекеттің рухани тірегі» атты кездесуді ашып, келген қонақтармен таныстырып, мақсаты мен маңыздылығына тоқталды.

          «Шапағат» орталығы ҚҚ-ның теологы Омаров Мұхидден Асқарұлы және Әбішев Мейірбек Алиасқарұлы  жиналған қатысушыларға тақырып аясында баяндама жасап, оларды дәстүрлі дінді ұстануға шақырды. Ол:Бүгінде жан-жақты білім аламын деген жастарға мемлекет барынша жағдай жасап отыр. Кез-келген ата-ана өз баласының болашақта білікті маман, ұрпақ жалғастырар азамат пен азаматша болғанын қалайды. Алайда, ата-анасының үмітін ақтамай теріс жолға түсіп кететін бойжеткендер мен боз балалар қаншама. Дінді ұстанамын деп, адасып, тіпті шетел асып кетіп жатқандар қаншама. Біздің мақсатымыз мектеп оқушылары, бойжеткен азамат пен азаматшаларға  жат ағымның жетегіне еріп кетпеуі үшін оларға дұрыс ақпарат айтып, көкейдегі сауалдарына тұщымды жауабымызды беру, үгіт-насихат жұмыстарын өткізу – деді. Сонымен қатар

           Жиын соңы студенттер теологтарға көкейдегі сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Шараға 75 адам қатысты.

 

 «Шапағат» орталығының баспасөз қызметі.


 

Жоғарыға