maturidi.kz діни-танымдық порталы

  

A+ A A-

Экстремизм мен терроризмнің қазіргі заманғы қатерлеріне қарсы тұру

Экстремизм мен терроризмнің қазіргі заманғы қатерлеріне қарсы тұру

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысымен облыстық Ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 17 қараша күні  М.Ломоносов атындағы орта мектепте «Экстремизм мен терроризмнің қазіргі заманғы қатерлеріне қарсы тұру» тақырыбанда кездесу өткізілді. Шараға Атырау облысы Дін істері басқармасының бас маманы Мейрам Қиқымбаев, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Амангелді Уразов және мектеп оқушылары қатысты.

 

А.Уразов кездесуді ашып, күн тәртібіндегі қаралатын мәселеге тоқталып, кездесудің мақсаты мен маңыздылығы түсіндіріп өтті.

М.Қиқымбаев оңалту жұмыстарының барысы және Қазақстан Республикасында діни  экстремизм мен терроризмге қарсы тұру, Атырау өңірінде және Қазақстанда болған лаңкестік оқиғалар жайында, Дін туралы заңдылықтардың өзгерістері туралы, жастар арасында діни радикализмнің таралуы жөнінде ақпарат берді. Шараға 45 оқушы қатысады 

 

     «Шапағат» орталығының баспасөз қызметі


 

 

 

Жоғарыға